Regine Mathies құзыреттілік дамыту бойынша семинар өткізді
Құзыреттілік, дағды және қабілет ұғымдары арасындағы нақты шекараларды анықтау жұмыстары жүргізілді. Regine Mathies студенттерді оқыту процесіне қатысатын барлық мүдделі тараптар олардың мағынасын бірдей түсінуі керек екенін атап өтті. Білім алушылардың негізгі құзыреттіліктері, оның ішінде әлеуметтік құзыреттіліктері, пәндік құзыреттіліктері, әдістемелік құзыреттері және жеке құзыреттері қарастырылды. Бұл мәселе дуальды оқыту жүйесі аясындада қарастырылды. Сонымен қатар, болашақ түлектерді жұмысқа орналастыру үшін метақұзыреттіліктердің маңыздылығы айтылды.
Семинардың екінші бөлімінде оқытудың білім алушуға бағытталған тәсілі, оның негізгі сипаттамалары мен оған әсер ететін факторларға қатысты мәселелер қарастырылды. Оқытудың осы түрін жүзеге асырудың негізгі әдістері мен стратегиялары көрсетілді. Семинар әр тақырып бойынша топтық жұмысты орындаумен қатар жүрді. Жобаға қатысушылар процеске белсенді қатысты, топтардың әрқайсысы өз университетінде білім алушыларды оқыту жүйесін одан әрі дамыту туралы өз тәжірибесімен және көзқарастарымен бөлісті.