Тусупова Айнур Толешовна
Директордың ғылым және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары және Сапа менеджмент жүйесінің менеджері толығырақКолледждің миссиясын, пайымдауын, мақсаттары мен стратегиялық міндеттерін анықтайтын сапа менеджменті жүйесінің негізгі құжаты «Сапа саласындағы саясат» болып табылады.
Колледжде сапа менеджменті жүйесінің болуы, талапкерлерді кәсіптік бағдарлаудан бастап, диплом алған мамандарды оқу бітіргенге және жұмысқа орналастырғанға дейінгі әрбір кезеңде, мамандар мен кадрларды даярлау процесін басқарудың сапасына қойылатын талаптарды сақтаудың кепілі болып табылады.
Колледждің ішкі сапа менеджменті жүйесі, ISO 9001-2016 СТ талаптарына сәйкес білім беру сапасын төмендететін процестерді анықтаудағы, қысқартудағы, жоюдағы және алдын алудағы білім беру сапасын қамтамасыз ететін барлық процестерді үнемі жетілдіруге бағытталған.
СМЖ дамытушы моделі білім беру қызметтерінің МЖМБС талаптарына сәйкестігін көрсету, СМЖ сәйкестігін қамтамасыз ету және оның нәтижелілігін үнемі арттыру мақсатында мониторинг, өлшеу, талдау және жақсарту процестерін жоспарлауды және қолдануды қамтиды.
Сәйкестік сертификаты тұтынушылар алдында сапа кепілі болып табылады және білім беру қызметтері нарығында жетекші орын алуға мүмкіндік береді.
Басшылық пен орындаушылардың міндеттері мен жауапкершіліктерін бөлу, білім беру сапасын қамтамасыз ету мәселелері бойынша функцияларды орындау және міндеттерді шешу кезіндегі бөлімшелер мен қызметтердің өзара іс-қимыл тәртібін СМЖ құжаттамасы анықтайды және сипаттайды.
Колледждегі СМЖ, тұрақты ішкі аудитке және одан әрі түзетумен жұмыс істеу тиімділігін бағалауға жататын, ішкі нормативтік базаны жетілдіру арқылы жүзеге асырылады. СМЖ-нің жұмыс істеп тұруы колледжге қол жеткізілген деңгейді сақтап қалуға және сапалы білім беруді қамтамасыз ететін, тек аймақта ғана емес, жалпы Республика бойынша да танылған, бәсекеге қабілетті колледж болуға мүмкіндік береді.