Қамқоршылық кеңес Қарағанды жоғары политехникалық колледжінде 2014 жылдан бастап жұмыс істейді. Қазіргі уақытта Қамқоршылық кеңестің қызметі Қарағанды облысы білім басқармасының 05.01.2018 жылғы № 04 бұйрығымен және ҚР Білім және ғылым министрлігімен бекітілген Қамқоршылық кеңестер қызметінің Үлгілік Қағидаларымен реттеледі.
2020 жылы колледждің Қамқоршылық кеңесінің құрамы жаңартылды. Қазір құрамында 23 адам, олардың арасында мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, әлеуметтік серіктестер мен жұмыс берушілер, ата-аналар қоғамдастығы және қоғамдық ұйымдардың өкілдері бар.
Үшінші жыл Қарағанды облысы ТЖБ бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Катпанов Мұрат Қасенұлы колледждің Қамқоршылық кеңесінің төрағасы болып табылады. Бұл таңқаларлық емес, өйткені колледждің негізгі мамандықтарының бірі шифры 1517000 «Төтенше жағдайларда қорғау» мамандығы болып табылады. Қарағанды облысы бойынша облыстық ТЖ басқармасы тура осы мамандықты қамқорлыққа алды.
Жыл сайын колледждің Қамқоршылық кеңесінің отырысы өткізіледі, бірақ 2020 жылы әзірге айқын себептер бойынша отырыстар өткізілген жоқ.