Телефондар:

  • +7 (7212) 41‒17‒20вахта
  • +7 (7212) 41‒17‒18қабылдау бөлімі

Корпустар мекен-жайы:

  • Бұқар Жырау даңғылы, 91 корпус
  • Костенко, 112 корпус
  • Бұқар Жырау даңғылы, 11a1 корпус
  • Волгодонская, 454 корпус

Жұмыс уақыты:

  • дс-жм 08:00-18: 00түскі үзіліс 13:00-14:00
  • сенбі 08:00-14:00

Әлеуметтік желілер:

Шоменбаева Салтанат Сакеновна

Кітапхана меңгерушісі толығырақ

Нуякшева Эльвира Радионовна

Библиотекарь толығырақ

Рахимжанова Шамшат Кайыржановна

Кітапханашы толығырақ

«ХХІ ғасыр – мәдениеттің, ғылым мен білімнің ғасыры.

Бар білімнің қайнар көзі - кітапханада».

Біздің кітапхана Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің алғашқы жұмыс күндерінен бастап 1931 жылы ұйымдастырылды. Кітапхана колледжбен бірге өсіп, дами бастады. Осы жылдар ішінде кітапханада өз ісін білетін және жақсы көретін жоғары кәсіби деңгейдегі мамандар жұмыс істеді.

Кітапхана - колледждің оқу және тәрбие үрдісін ақпараттық қамтамасыз ету міндетін орындайтын маңызды құрылымдық бөлімшелердің бірі болып табылады.

Кітапхана өз міндетін (миссия) көрсетілген қызметтер сапасын жақсарту, техникалық білім беретін бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауда оқу үрдісіне көмектесу, колледждің ғылыми зерттеулеріне қолдау көрсету деп санайды.

Кітапхана процесінің мақсаты - студенттер мен оқытушылардың ақпараттық сұраныстарын барынша қанағаттандыру. Оқырмандарға қызмет көрсету - кітапхана қызметінің басты бағыты. Колледж кітапханасының жұмысы жалпы кітапханалық нормалар мен ережелерді ескереді, колледждің оқу-тәрбие процесінің талаптарын басшылыққа алады.

Колледж кітапханасында ақпаратпен жұмыс істеу үшін барлық жағдай жасалған, білім беру процесін қамтамасыз ету үшін кітапхана баспа басылымдары мен сандық тасығыштарда ұсынылған мамандандырылған қорға ие және оқырмандардың жан-жақты оқу ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған.

Студенттік және педагогикалық құрамға ыңғайлы қызмет көрсету үшін екі оқу ғимаратында үш абонементі бар кітапхана және кең оқу залы орналасқан. Оқу залы Upload-Server жергілікті желіге жалғанған және Интернет, Wi-Fi желісіне қосылған компьютерлермен жабдықталған, пайдаланушылар бұл желіні шектеусіз пайдалана алады.

Барлық пәндер бойынша тестілеу базасына еркін қолжетімділік бар, ол студенттердің білімін өз бетінше бағалауға мүмкіндік береді, сондай-ақ электрондық оқу құралдарымен, ИРБИС электронды каталогымен жұмыс істеуге болады. Барлық электронды ресурстар студенттердің білім деңгейлерін көтере отырып, белсенді жұмыс істейді.

Әдебиетті насихаттауға көп көңіл бөлінеді, ауызша және көрнекі түрде көпшілік іс-шаралар өткізіледі: әдеби-музыкалық кештер, кітаптарға библиографиялық шолу жасау, қазіргі заманның ең өзекті мәселері бойынша тақырыптық кітап көрмелері, кураторлық сағаттар. Жаңадан келіп түскен басылымдарды көпшілікке таныстыру үшін «Ақпарат күндері» атты ашық көрсетілімдері өткізіледі.

Кітапхана ұжымы технологиялық процесстерді жетілдіру бойынша қамқорлық жасайды, кітап байлығын сақтау мен кеңейтуді, кітапхананың сыртқы тартымдылығын, оқырмандар үшін жайлылықты ойлайды.

Құрметті студенттер мен оқытушылар! Колледжден кеткен кезде (колледжді бітіргенде, оқудан шығарылғанда, академиялық демалыста болғанда, жұмыстан босатылғанда) оқырмандар пайдалануға алынған барлық кітапханалық құжаттарды – кітаптарды, ОӘК-ді, журналдарды және т.б. кітапханаға тапсыруға міндетті, онда кітапхана қызметкерлері кету парағына қол қояды және мөртаңба басады.

Қарағанды политехникалық колледжінің кітапханасын пайдалану ережесі арнаулы орта кәсіптік білім беру кітапханасы жөніндегі Типтік ережеге сәйкес әзірленді. («ҚР-ның кітапхана ісі туралы Ережесі» Білім және ғылым министрлігінің 2000 ж. 17 тамыздағы №827 бұйрығымен бекітілген).

Ереже кітапхана оқырмандарына, оқу залының пайдаланушыларына қызмет көрсетуді ұйымдастырудың жалпы тәртібін, оқырманның құқықтары мен міндеттерін реттейді.

АБОНЕМЕНТТІ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ 

1.Абонементте әдебиет үйге белгіленген мерзімге беріледі. Соңғы немесе бір ғана дана, сондай-ақ саны аз әдебиет үйге пайдалануға берілмейді. Пайдалану мерзімі егер материалға оқырмандар тарапынан сұраныс болмаған жағдайда ұзартылуы, немесе басылым тек бір дана, немесе сұраныс көп болған жағдайда қысқартылуы мүмкін.

2.Кітапханаға жазылу оқырманның арнаулы колледжге қатыстылығын білдіретін құжат: студенттер үшін - студенттік билеті, оқытушылар, қызметкерлер мен оқырмандардың басқа категориялары үшін - жеке куәлігі және 3х4 өлшемді бір фотосуреті бойынша жүргізіледі.

3.Оқырманға жеке оқырман формуляры және тіркеу карточкасы толтырылады. Кітапханаға жазылар кезде оқырман оның ережелерімен танысып, оны орындау жөніндегі міндеттемесін оқырман формулярына қол қоюымен растайды.

4.Энциклопедиялар, анықтамалықтар, ағымдағы мерзімді баспасөз басылымдары, сирек және бағалы кітаптар оқу залында ғана жұмыс істеу үшін беріледі.

5.Әрбір кітап қатаң түрде инвентарлық номер арқылы беріледі және қабылданады. Оқырман алған әрбір дана үшін кітап немесе оқырман формулярына қол қояды. Кітаптарды қайтарғанда оқырман қолы кітапханашы қолымен өшіріледі.

6.Кітаптарды, басқа материалдарды алар кезінде оқырмандар басылымды мұқият тексеріп шығады. Қандай да бір ақау табылған жағдайда ол жөнінде кітапханашыға мәлімдейді. Олай болмаған жағдайда кітапты бүлдіргені үшін басылымды соңғы пайдаланған оқырман жауап береді.

7.Топ сабақтарында пайдалану үшін әдебиет абонементте оқытушының жазбаша талабы бойынша беріліп, топтың кезекші студенттің оқырман формулярына қол қоюымен рәсімделеді. Топ сабағына алынған әдебиет үшін оқытушы және топ кезекшісі жауап береді.

8.Өткен оқу жылында алған кітаптарын тапсырмаған оқырмандар жаңа оқу жылында кітапхана қызметін пайдалана алмайды.

9.Кітапхана қорынан алған кітаптарды, басқа да баспасөз туындылары мен материалдарды жоғалтқан немесе оған орны толмас зиян келтірген кәмелетке толмаған оқырмандар үшін жауапкершілікті оны қадағалаушы ата-анасы не болмаса асыраушысы тартады.

10.Басылымды жоғалтқаны немесе бүлдіргені үшін жауапты оқырман оны кітапхана мазмұны бойынша құны бірдей деп тапқан дәл сондай басылыммен алмастырады, ал алмастыру мүмкін болмаған жағдайда оның шынайы нарықтық құнын өтейді.

11.Егер оқырман көрсетілген мерзім ішінде кітаптарды қайтармаса немесе оларды кітапханадағы қорды жинақтауға қажетті болып саналатын, мазмұны бойынша бірдей кітаппен алмастырмаса, кітапхана оқырманға кітапты қайтаруы туралы жазбаша талап жібереді.

12.Пайдалану ережесін бұзған немесе кітапханаға зиян келтірген оқырмандар қолданылып жүрген заңдарда, кітапхана жарғысы мен оны пайдалану ережесінде көзделген нысанда әкімшілік, материалдық жауапқа тартылады.

13. Кететін студенттерге жеке іс қағаздары кітапхана абонементінен алған әдебиетін кайтарғаннан кейін ғана беріледі. Кететін қызметкері кітапханада өзінің кету парағына белгі қойдырады. 

Оқырмандардың құқықтары мен міндеттері 

Оқырмандардың құқығы бар:

1.Кітапхана ұсынатын кітапхана-ақпарат қызметінің негізгі түрлерін тегін пайдалануға.

2.Кітаптар және басқа да ақпарат көздерін іздестіру мен таңдауда кеңес алуға.

3.Кітапхана өткізетін шараларға қатысуға.

Оқырмандар міндетті:

1.Әдебиет алу үшін студенттік билетін, жеке куәлігін көрсетіп, кітап және оқырман формулярында алынған әрбір басылым үшін қол қоюға.

2.Кітаптарға, баспа туындыларына, басқа да материалдарға және кітапхана мүлкіне ұқыппен қарауға, оқулықтарға жүйелі түрде кішігірім жөндеу өткізуге (түсіп қалған беттерді жабыстыру және қалпына келтіру, кітап мұқабасын қаптау, жұқа мұқабалы кітаптардың тысын скотчпен қаптау).

3.Кітапханадан алған барлық басылымдарды белгіленген мерзімде тапсыруға.

Оқырманға рұқсат берілмейді:

1.Кітапханаға сыртқы киіммен, бас киіммен кіруге.

2.Кітапханада тыныштық пен тәртіп бұзуға.

3.Кітапханада ұялы телефон қолдануға.

4.Кітапханадан өзі қол қоймаған кітаптарды алып шығуға.

5.Кітапхана басылымдарын және мүлкін бүлдіруге (оған белгі салу, сызу, парақтарын жыртып, мұқабасын бүктеуге).

6.Картотекалар мен каталогтардан карточкалар шығарып алуға.

7.Қызмет бөлмесі мен кітап қоймасына кітапханашылардың рұқсатынсыз кіруге.

ОҚУ ЗАЛЫН  ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ 

1.Оқу залында пайдалануға арналған әдебиет үйге берілмейді. Әдебиетті оқу залынан рұқсатсыз шығаруға қатаң тыйым салынады, тек кітапханашының рұқсатымен ксерокөшірмеден өткізу үшін ғана 5-10 минут уақытқа беріледі.

2.Оқырмандар кітап берудің күнделікті статистика есебінің және оқырмандардың оқу залына келу журналына тіркеледі.

3.Оқу залында кітап беру бірыңғай студенттік билеті, жеке куәлігі немесе сы нақ кітапшасын ұсыну жолымен жүргізіледі.

4.Кітап беру әр басылымның кітап формулярына оқырманның аты-жөнін жазу және келушілер журналына жазылу жолымен рәсімделеді.

5.Оқу залына жеке және кітапхана кітаптарымен және басқа да баспа басылымдарының материалдарымен кіруге болмайды.

6.Оқу залында берілетін кітаптар, басқа баспа туындылары мен материалдар саны шектелмейді. Бір мерзімдегі сұраныс көп болған жағдайда берілетін даналар саны шектелуі мүмкін.

7.Оқырман тыныштық пен тәртіп сақтауы қажет. Осы ережелерді бұзған жағдайда оқырмандар кітапхана әкімшілігі белгілеген мерзімде, ережені бұзған дәрежесіне байланысты кітапхана қызметін қолдану құқығынан айырылады. 

Оқырмандардың құқықтары мен міндеттері

Оқырмандардың құқығы бар:

1.Кітаптар және басқа да ақпарат көздерін іздестіру мен таңдауда кеңесшілік қызмет алуға.

2.Кітапханада электронды техника болған жағдайда интернет және басқа да ақпараттық қызметтерді пайдалануға.

Оқырмандар міндетті:

1.Әдебиет алу үшін оқырман студенттік билетін немесе сынақ кітапшасын қалдырып, әрбір алынған басылымның кітап формулярын толтыруға.

2.Кітаптарға, басқа да материалдарға және кітапхана мүлкіне ұқыпты қарауға.

Оқырманға рұқсат берілмейді:

1.Оқу залына сыртқы киіммен және бас киіммен кіруге.

2.Оқу залында тыныштық пен тәртіп бұзуға.

3.Оқу залында дайындалып отырған кезде ұялы телефонды қолдануға.

4.Кітапхана басылымдарын мен мүлкін бүлдіруге (оған белгі салу, сызу, парақтарын жыртып, мұқабасын бүгу).

5.Картотекалар мен каталогтардан карточкаларды шығарып алуға.

6.Қызмет бөлмесі мен кітап қоймасына кітапханашылардың рұқсатынсыз кіруге. 

Компьютерлік зонада: 

1.Оқырмандарға оқу залының жұмыс тәртібінде қызмет көрсетіледі.

2. Мультимедиялық залда жұмыс істегісі келетіндердің саны көп болып жатса, техниканы пайдалану уақыты 45 минутқа дейін шектелуі мүмкін.

3. Жеке аудио-бейне таратқыштарды тек оқу және танымдық материалдармен пайдалануға рұқсат беріледі.

4. ИРБИС электрондық каталогының жұмысы келесі жолмен жүзеге асады: егер де оқытушылардың оқу құралдары электрондық түрде болатын болса, онда олар АРМ «Каталогизаторға» сәйкес келетін оқу құралдарына бекітіледі және оқырмандар оны оқу үшін АРМ «Оқырманнан» жүктей алады (флэшкаға өз бетімен қолдануға)

5.Компьютерде жеке жұмыс істеуі үшін орын беріледі.

6.Студенттерге, оқытушыларға дербес жұмыс жасауы үшін компьютердің бағдарламалық қоры, СD ROM, белгілі электрондық қор беріледі.

7.Ақпаратты электрондық таратқыштардың әртүрлі формалары үйге берілмейді.

8.Компьютермен жұмыс істеу тәртібі түсіндіріліп, техникалық көмек көрсетіледі.

Оқырманың құқығы бар:

1.Кажетті тақырыптың материалдарын және басқа да ақпарат көздерін іздеу мен таңдауда кеңестік және тәжірибелік көмек алуға.

2. ИРБИС жүйесінде оқу құралдарының электрондық каталогын пайдалануға.

3. Электронды таратқыштағы ақпараттарды, медиатеканы өз бетімен қолдана алу мен дағды қалыптастыруға. 

Оқырман міндетті: 

1. Ұсынылып отырған жабдықтар мен ресурстарды сақтауға.

2.Жұмыс аяқталар кезде оқырман ол туралы берілген электрондық ресурстарды қабылдайтын залдың қызметкеріне мәлімдеуге.

3.Оқу залының қорынан алынған баспа шығармаларына, ақпарат тарату құралдарына, техникалық құрал жабдықтарына ұқыптылықпен қарауға.

4.Оқырман оқу залының қорынан құжаттар алғанда оларды залдың қызметкерінің қатысуымен қарауы керек, ақауы болған жағдайда, белгі соғу үшін залдың қызметкеріне ескертуге.

5.Оқырмандарға оқу залынан аудио-бейне материалдарды, оқу құралдарды алып шығуға рұқсат берілмейді.

Қарағанды жоғары политехникалық колледжі

Мекенжай: 100000 Қарағанды қ.

Костенко көшесі, 11 (2 ғимарат)

Кітапхана

Телефон: 87212)-41-93-72

Жұмыс тәртібі: 9.00 - 18.00

Сенбі – 9.00 - 13.00

Жексенбі – демалыс күн

ҚЖПТК кітапханасының e-mail: bibliotekakvptk@mail.ru