Әдістемелік қызметтің негізгі міндеттері
- педагог кадрларды оқыту және дамыту, олардың біліктілігін арттыру;
- сабақтардың барлық түрлерін өткізудің жоғары әдістемелік деңгейін қамтамасыз ету;
- білім беру процесін жүзеге асыру үшін әдістемелік қамтамасыз етуді дайындау;
- жұмыс істеу режиміндегі педагогтардың жұмыс сапасын талдау;
- оқу пәндерін әдістемелік қамтамасыз етуді білім беру саласындағы құжаттарға, оқу жоспарлары мен бағдарламаларына қойылатын әдістемелік талаптарға сәйкес келтіру;
- жас (жаңа бастаған) педагогтардың кәсіби қалыптасуына көмектесу;
- оқытудың жаңа технологияларын, нысандары мен әдістерін педагогикалық ізденуді ұйымдастыру;
- озық педагогикалық тәжірибені анықтау, зерделеу, жинақтау және тарату;
- жаңа педагогикалық технологияларды енгізу негізінде оқу сабақтарының өткізілу сапасын арттыру;
- білім беру процесінің жаңа әдістемелік қамтамасыз етілуін талдау, апробациялау және енгізу;
- жоспарлау құжаттамасын, ғылыми-әдістемелік және дидактикалық материалдарды әзірлеу.
Әдістемелік қызмет жұмысының негізгі бағыттары
Аналитикалық қызмет:
- педагогтердің кәсіби және ақпараттық қажеттіліктеріне мониторинг жүргізу;
- педагогикалық қызметкерлер туралы мәліметтер базасын құру;
- әдістемелік жұмыстың жай-күйі мен нәтижелерін зерделеу және талдау, бағыттарын айқындау және оны жетілдіру;
- білім беру процесіндегі дидактикалық және әдістемелік сипаттағы қиындықтарды анықтау;
- колледждің оқу-тәрбие жұмысының нәтижелері туралы ақпаратты жинау және өңдеу;
- озық педагогикалық тәжірибе мен басқаларын зерделеу, жалпылау және тарату.
Ақпараттық қызмет:
- педагогикалық ақпарат банкін құрамдастыру (нормативтік-құқықтық, әдістемелік және т.б.);
- педагог қызметкерлерді қағаз және электрондық тасымалдағыштардағы педагогикалық, әдістемелік және ғылыми-көпшілік әдебиеттің жаңалықтарымен таныстыру;
- педагог қызметкерлерді нормативтік, жергілікті актілердегі жаңа бағыттар туралы хабардар ету;
Ұйымдастырушылық-әдістемелік қызмет:
- жас мамандарға және педагог қызметкерлерге аттестаттауға дайындық кезеңінде, сондай-ақ аралық аттестаттау кезеңде әдістемелік қолдау және практикалық көмек көрсету;
- педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру мен кәсіби қайта даярлауды жоспарлау және ұйымдастыру;
- ОӘО жоспарына сәйкес облыстық әдістемелік бірлестік жұмысына қатысуды ұйымдастыру;
- әртүрлі деңгейдегі білім беру мекемелерінің педагогикалық қызметкерлері арасында педагогтардың ғылыми-практикалық конференцияларға, педагогикалық оқуларға, кәсіби педагогикалық шеберлік конкурстарына қатысуын ұйымдастыру;
- білім алушылардың мастер-кластарын, семинарларын, конкурстарын, пәндік олимпиадаларын, конференцияларын өткізуді, әдістемелік айлықтарды, педагогикалық және әдістемелік кеңестерді өткізуді ұйымдастыру;
- әдістемелік айлық шеңберінде колледж оқытушыларының іс-шараларға өзара баруын ұйымдастыру.
Консультациялық қызмет:
- білім беру мекемесінің педагог қызметкерлері үшін оқыту және тәрбиелеу әдістемесі мәселелері бойынша консультациялық жұмысты ұйымдастыру;
- жаңа педагогикалық және психологиялық зерттеулердің нәтижелерін насихаттау және түсіндіру.