2019 жылы «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК 2019 жылдың 23 қаңтарында Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде берілген, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес әзірленген «Жас маман» жобасына қатысушылар қатарына кірді.
«Жас маман» жобасының операторы болып «Talap» КЕАҚ («Кәсіпқор» Холдингі») анықталды.
«Жас маман» жобасының мақсаты 100 сұранысқа ие мамандық бойынша 180 колледж бен 20 жоғары оқу орнын жаңғырту және білікті мамандар даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу болып табылады.
«Жас маман» жобасын іске асыру қорытындылары бойынша колледж республикалық және халықаралық деңгейде талап етілетін мамандарды даярлау үшін қажетті заманауи жабдықтармен жарақтандырылатын болады, аймақтағы құзыреттілік орталығына айналады, сондай-ақ WorldSkills чемпионаттарына қатысушыларды даярлауды жүргізетін болады.
Жоба келесі мүмкіндіктерді ұсынады:
- білім беру процесін жаңғырту үшін шетелдік серіктестерді тартуды;
- оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерін оқытуды;
- халықаралық стандарттар бойынша оқыту бағдарламаларын жасауды.
Жобаға қатысатын колледж мамандықтары:
- 1401000 «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану»
- 1201000 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»
- 0901000 «Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары»
- 0707000 «Тау-кен электрмеханикалық жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу»