Мақсаты:
- Жастардың жан –жақты дамуы;
- Рухани, мәдени, білікті және кәсіби тәрбиесінің қалыптасуы.
Міндеттері:
- Қазақстан Республикасының жастар саясатын жүзеге асыру, жалынды жастар күшімен тұрақтылықты нығайту;
- Мемлекеттің әлеуметтік белсенді азаматтар ретінде, студенттердің жан жақты дамуына қолайлы жағдай жасап, қолдау көрсету;
- Студент жастарының құқығы мен қызығушылықтарын қорғау;
- Студенттік мәселелердің ортақ шешімін тауып, өзара байланыстың колледж ішілік бағытын реттеу.
- Халықаралық және республикалық жастар ұйымдары және қозғалыстарымен серіктестік орнату.
Қозғалыстың негізгі қағидаттары:
1. Қарағанды облысының кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының студенттері Жастар қозғалысының қатысушысы бола алады.
2. Қозғалыс қатысушылар жасына, діни ұстанымына, физикалық ерекшеліктеріне, әлеуметтік- материалдық жағдайына қарамастан өзара тең.
3. Құрамды және алқалық-жиындық органдардың жетекшілерін сайлау еркіндігі: Алқалық Жастар Кеңесі (АЖК),Облыстық Жастар Кеңесі(ОЖК).
Бағыттары
«Жігер» ұйымдастырушылық құрылымынының негізгі бағыттары:
- Жас кәсіпкер клубы
- Дебат клубы
- Волонтерлер клубы
- Тапқырлар және көңілділер клубы
- Интеллектуалдар клубы
- Блогерлер клубы
- Заманауи билер клубы
Негізгі қызметі:
- Жастар бастамасын қолдауға бағытталған түрлі ұйымдармен серіктестік орнату және барлық дамыту шараларын бекітілген меморандумдар арқылы жүзеге асыру.
- Жұмыс жоспарын жасау, оның орындалуын қамтамасыз ету.
- Студенттердің қызығушылығына сәйкес, түрлі шаралардың өтуіне ұсыныстар енгізу.
- Студенттерді түрлі іс-шараларға қатысуға баулу және бос уақытын ұйымдастыру.
Жатақханаларда түрлі кездесулермен қатар, соғыс және еңбек ардагерлеріне құрмет көрсету, кәсіпкер,саясаткер, мәдениет қайраткерлерімен кездесу, дөңгелек үстелдер, дебаттар, тақырыптық және шығармашылық кештер және т.б. ұйымдастыру.
Республикалық, қалалық, аудандық семинар , конференция және байқауларға қатысу.
Колледждің бірінші корпусы, № 320 аудитория