Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің базасындағы «Геология, тау-кен өнеркәсібі, пайдалы қазбаларды өндіру, өрт қауіпсіздігі және төтенше жағдайларда қорғау» бейіні бойынша ТжКОБ ұйымдарының оқу-әдістемелік бірлестігі.
Оқу-әдістемелік бірлестік (бұдан әрі ОӘБ) – бұл Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ТжКОБ Республикалық оқу-әдістемелік Кеңесінің (бұдан әрі РОӘК) құрамына кіретін ТжКОБ жүйесіндегі консультативтік-кеңесші жұмыс органы.
ОӘБ тарихы
Орта кәсіптік білім беретін оқу орындарының оқу-әдістемелік бірлестіктерінің желісі (РОӘБ ОКБ) Қазақстанда 1991 жылдан бастап жұмыс істейді. КСРО ыдырағаннан кейін РОӘБ жүйесі бұрын бүкілодақтық және республикалық салалық министрліктер мен ведомстволардың ғылыми-зерттеу институттары және оқу-әдістемелік кабинеттері айналысқан еліміздің орта кәсіптік оқу орындарын оқу-әдістемелік қамтамасыз ету саласындағы Мұрагері болды.
Қазақстанның орта арнайы білім беретін бұрынғы Бас оқу-әдістемелік басқармасының бастығы А. И. Самаренконың бастамасы бойынша ҚазССР бұрынғы халықтық білім беру Министрлігінің ұқсас мамандықтар топтары бойынша басында 10, содан кейін тағы 14 РОӘБ құру туралы 2 бұйрығы шығарылды (04.01.1991 ж. № 5 және 09.06.1992 ж. № 268), ал қазір олардың саны – 45.
Бұрынғы Қарағанды тау-кен техникумының (қазіргі Қарағанды жоғары политехникалық колледжі) базасында жұмыс істейтін «Геология, тау-кен өнеркәсібі, пайдалы қазбаларды өндіру, өрт қауіпсіздігі және төтенше жағдайларда қорғау» бейіні бойынша біздің ОӘБ-нің «Туған күні» - 9 маусым 1992ж.
Барлық ОӘБ, географиялық орналасуы ескеріле отырып, тиісті бейіні бойынша ескі мемлекеттік техникумдар (колледждер) жанынан құрылған, бұл заманауи техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) деңгейі шегінде олардың жұмысының тұрақтылығы мен сапасын қамтамасыз еткен және қамтамасыз етеді.
Қазіргі уақытта біздің мамандықтар бойынша оқыту еліміздің 29 колледждерінде өткізіледі, бірақ олардың 12-сі, басшылары ОӘБ Кеңесінің мүшелері болып табылатын, ОӘБ-мен тұрақты негізде ынтымақтасады: Қарағанды, Екібастұз, Жітіқара, Рудный, Маңғыстау политехникалық, Балқаш гуманитарлық-техникалық, Лисаковск, Щучинск және Риддер техникалық, сондай-ақ ИИТ жанындағы Екібастұз колледжі, Сәтпаев қаласындағы «Қазақмыс» корпорациясының технологиялық колледжі, Ақтөбе көлік және коммуникация колледжі (Хромтау қаласындағы филиалы).
ОӘБ қызметі
1. ОӘБ негізгі мақсаты ТжКОБ ұйымдарындағы білім беру, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстарды дамыту мен үйлестіру, оқу процесінің мазмұнын жаңарту, оқу әдебиеттері мен оқу құралдарын, ОӘК әзірлеу және рецензиялау болып табылады.
2. ОӘБ қызметінің негізгі міндеттеріне жатады:
- ТжКОБ саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеу;
- ТжКОБ мамандықтары бойынша білім беру бағдарламаларын, үлгілік оқу жоспарларын және үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлеу мен сараптауға қатысу;
- оқу процесін ұйымдастыру үшін ТжКОБ ұйымдарын нормативтік-құқықтық және оқу-әдістемелік құжаттамалармен қамтамасыз ету;
- дайындалған оқу әдебиеттеріне, аударылған шетелдік оқу әдебиеттері мен оқу құралдарына, ТжКОБ білім беру бағдарламаларына, әртүрлі деңгейдегі және әртүрлі мақсаттағы тест тапсырмаларына сараптама жүргізу, рецензиялау;
- оқу әдебиеттерін, ОӘК, электрондық оқулықтарды сынақтан өткізуді ұйымдастыру;
- ТжКОБ білім беру ұйымдарында пайдалануға қажетті ұсынылған оқу әдебиеттерінің, оқу құралдарының, ОӘК тізбесін құрастыру бойынша ұсынымдарды енгізу;
- инновациялық білім беру технологияларын енгізу бойынша озық тәжірибені жалпылау және тарату;
- оқытудың кредиттік технологиясы мен дуальды оқыту жүйесін енгізу практикасын талдау;
- ОӘБ бейініне сәйкес келетін ТжКОБ мамандықтары бойынша кадрлар даярлауды жүргізетін ТжКОБ ұйымдары қызметінің өзара әрекеттестігін жүзеге асыру және үйлестіру жатады.
3. ОӘБ мынадай функцияларды жүзеге асырады:
- ТжКОБ жүйесінің нормативтік-құқықтық құжаттарын өзгерту және толықтыру бойынша ұсыныстар енгізеді;
- үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларының, ТжКОБ білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңарту мен жетілдіру бойынша ұсынымдар енгізеді;
- ТжКОБ жүйесіндегі білім беру, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;
- ОӘБ әзірлеген ТжКОБ оқу-әдістемелік құжаттамасын, сондай-ақ оқу әдебиеттері мен оқу-әдістемелік құралдарын іске асырады және таратады;
- ОӘБ бейіні бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ТжКОБ ұйымдарынан ОӘБ жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттық және өзге де материалдарды сұратады;
- колледждердің білім беру, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстарын дамыту мәселелері, сондай-ақ оның құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша ұсыныстарды зерделеу және дайындау үшін жұмыс топтарын құрады;
- оқу процесін ұйымдастыру бойынша ТжКОБ ұйымдарына консультациялық көмек беруді жүзеге асырады;
- озық тәжірибені зерделеу, тарату, ТжКОБ ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесін жетілдіру бойынша конференцияларды, семинарларды ұйымдастыру және өткізу бойынша ұсынымдар әзірлеуге қатысады;
- оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттер мен оқу аудиовизуалды құралдарын жасау үшін авторлық ұжымдар қалыптастырады;
- ОӘБ туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдайды және оны РОӘК жұмыс органына жолдайды;
- жұмыс топтарын құру туралы шешім қабылдайды.
4. ОӘБ қызметі ОӘБ төрағасы бекітетін және РОӘК жұмыс органымен келісілетін бір оқу жылына арналған жұмыс жоспарының негізінде жүзеге асырылады.
5. ОӘБ өз жұмысын бірлестікке кіретін ТжКОБ ұйымдарының барлық өкілдерінің тең құқылығы, басшылықтың алқалылығы, қабылданған шешімдердің жариялылығы принциптерінде құрайды.
6. ОӘБ отырысы тоқсанына бір рет өткізіледі.
7. Тиісті бейін бойынша ОӘБ қызметі РОӘК шешімінің негізінде тоқтатылады.
ОӘБ құрамы
№ р/р |
Жауапты қызметкердің Т. А. Ә |
Лауазымы |
Жұмыс/ұялы телефоны |
1 |
Рахимова Жанар Зекенқызы |
ОӘБ төрағасы, колледж директоры |
+7(7212)411720 |
2 |
Банников Иван Вячеславович |
Директордың ОӘБ жөніндегі орынбасары |
+77013797757 |
3 |
Шатеков Казбек Толеукулулы |
ОӘБ әдіскер-аудармашысы |
+77075005527 |
ОӘБ төрағасы, базасында тиісті бейіндегі ОӘБ жұмыс жасайтын, ТжКОБ ұйымының басшысы болып табылады.