Мақсаты: WorldSkills стандарттары талаптары деңгейінде Республиканың өнеркәсіптік кәсіпорындары үшін жоғары білікті мамандарды даярлау.
Міндеттері:
- WorldSkills чемпионаттарына қатысу үшін қатысушыларды және бәсекеге қабілетті аймақтық командаларды даярлау.
- Сарапшыларды оқыту және мәлімделген құзыреттер бойынша сарапшылар қоғамдастығын кәсіби дамыту.
- WorldSkills стандарттары бойынша кәсіби мамандарды даярлау үшін материалдық-техникалық базаны жаңғырту және тиімді пайдалану.
- WorldSkills халықаралық стандарттарына бағдарлана отырып, өнеркәсіптің әртүрлі салалары үшін мамандарды сапалы даярлауды жүзеге асыру.
- Колледждің инновациялық инфрақұрылымын кеңейту және дамыту, мәлімделген құзыреттер бойынша кәсіби мамандарды даярлау үшін әдістемелік база құру.
- Колледждер-серіктестер, ЖОО мен мектептерді қоса алғанда, әлеуметтік серіктестер шеңберін кеңейту.
- Жұмысшы мамандықтарды насихаттау
- ҚО материалдық базасын дамыту үшін әлеуметтік серіктестерді демеушілік көмекке тарту
ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ОРТАЛЫҒЫ КЕЛЕСІ ҚҰЗЫРЕТТЕР БОЙЫНША ДАЙЫНДЫҚ ЖҮРГІЗЕДІ:
Web-дизайн, Графикалық дизайн, CAD инженерлік графикасы, Құтқару жұмыстары, Жүктерді экспедициялау, 1С бизнесіне арналған бағдарламалық шешімдер
Жетістіктер:
2016 жылдан бастап колледж IT-құзыреттер бойынша Worldskills кәсіби жарыстарына қатысушыларды даярлаудың тірек алаңы болып табылады, ал оқытушылар конкурстық тапсырмаларды әзірлеу бойынша бас сарапшылар болып табылады.
Ұжымда жұмылдырылған жұмысты ұйымдастырудың, жауапты тұлғаларға белгілі бір өкілеттіктерді сауатты түрде бөліп берудің, проблемалық аймақтарды анықтай білудің және педагогтар мен студенттердің шығармашылық мүмкіндіктерін белсендірудің арқасында колледж соңғы төрт жылда келесідей нәтижелерге қол жеткізді:
- «Worldskills Karaganda-2016» аймақтық чемпионатына қатысу – «WEB-әзірлеу» құзыреттілігі бойынша 1, 2 орындар.
- «Worldskills Karaganda-2017» аймақтық чемпионатына қатысу – «Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша 1, 2 орындар, «Веб-дизайн және әзірлеу» құзыреттілігі бойынша I орын.
- «Worldskills Karaganda-2018» аймақтық чемпионатына қатысу – «Веб-дизайн және әзірлеу» құзыреттілігі бойынша 1 орын.
- «Worldskills Kazakhstan-2018» республикалық чемпионатына қатысу – «Мехатроника» құзыреттілігі бойынша 2 орын.
- «Сарыарқа болашағы-2018» жастар байқауы, Үздік инновациялық жоба «Ақылды үй», жүлде 100 000 және 500 000 теңге.
- «Сарыарқа болашағы-2019» жастар байқауы, Үздік инновациялық жоба «Ақылды үй», жүлде 500 000 теңге.
- «Ақылды үй» жобасы AstanaHab стартап-жобаларының Акселераторына енгізілген, 2019 ж.
- «Worldskills Karaganda-2019» аймақтық чемпионатына қатысу – «Бизнеске арналған IT-шешімдер», «Электромонтаж», «WEB-дизайн», «Жүктерді экспедициялауды ұйымдастыру», «CAD инженерлік графикасы» құзыреттіліктері бойынша 1 орын; «Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша 3 орын.
- «Worldskills Kazakhstan-2019» республикалық чемпионатына қатысу: «CAD инженерлік графикасы» - 3 орын, медаль; «Пилотсыз ұшу аппараты» - III дәрежелі медальон; «WEB-әзірлеу» және «Интернет заттары» - IV дәрежелі медальондар.
- «VEX Robotics-2019» республикалық Әлем чемпионатына қатысу – Гран-при және 3 орын.
- Красноярск қ., REV Robotics-19 жарыстарына қатысу.
- 2020 - VEX Robotics World Championship - VEX Robotics Competition High School Division, АҚШ (онлайн).
- 2020-Kazakhstan National VEX EDR Competition, Алматы қ.
- 2020-Karaganda EDR Practice Competition, Алматы қ.
- 2020-Kazakhstan VEX EDR Kick-Off Competition, Алматы қ.