Құжаттарды қабылдау жүргізілуде:
күндізгі оқу нысаны бойынша
жұмысшы мамандықтары бойынша-25 маусымнан 27 тамызға дейін;
9, 11 - сыныптар базасында орта буын және қолданбалы бакалавриат мамандары үшін, сондай-ақ ТжКББ-25 маусымнан 22 тамызға дейін;
шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша - 25 маусымнан 20 шілдеге дейін;
ақылы негізде 25 маусымнан 27 тамызға дейін;
сырттай оқу нысаны бойынша
25 маусымнан 20 қыркүйекке дейін.
Оқуға түсу үшін қажетті құжаттар тізімі:
1. Директордың атына қабылдау туралы өтініш;
2. Білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;
3. Көлемі 3х4 см 4 фотосурет;
4. Флюоросуреті қоса салынған 086-У нысанындағы медициналық анықтама (І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала кезінен мүгедек болып қалғаны үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы);
5. ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаты (болған жағдайда);
6. Скоросшиватель (кәдімгі картон);
7. Жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін).
Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар мәртебесін анықтайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы белгісі бар құжатты ұсынады:
1) шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат;
2) азаматтығы жоқ тұлға – азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
3) босқын – босқын куәлігі;
4) пана іздеуші тұлға – пана іздеуші тұлғаның куәлігі;
5) оралман – оралман куәлігі.
Жетім балалар келесі құжаттарды ұсынады:
Ата-аналарының қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесін
Атқарушы органның қамқоршы тағайындау туралы шешімін немесе балалар үйіне орналастыру туралы шешімін
І және ІІ топтағы мүгедек балалар медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысын ұсынады
Шарттық негізде оқу құны:
|
Күндізгі бөлім |
390 000 тенге |
|
Мамандықтар: «Төтенше жағдайларда қорғау» |
425 000 тенге |
|
«Өрт қауіпсіздігі» |
425 000 тенге |
|
«Қолданбалы бакалавриат» |
425 000 тенге |
|
Сырттайғы бөлім |
350 000 тенге |
Қабылдау, құжаттарды ресімдеу туралы қосымша мәліметтерді колледждің қабылдау комиссиясынан мына мекен-жай бойынша алуға болады:
100000, Қарағанды қ., Бұқар-Жырау даңғ., 9.
Қабылдау комиссиясы 41-17-15; 42-56-76
