1. Жалпы ережелер
1.1. Педагогикалық кеңес туралы осы Ереже колледждің педагогикалық қызметкерлерінің өзін-өзі басқарудың тұрақты жұмыс істейтін алқалы органы ретінде педагогикалық кеңес қызметінің тәртібін айқындайды және Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 24 қазандағы № 506 Бұйрығымен бекітілген техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесі қызметінің Үлгілік Қағидаларына сәйкес әзірленді.
2. Педагогикалық кеңестің міндеттері
2.1. Педагогикалық кеңестің міндеттері болып табылады:
- колледждегі оқу-тәрбие процесінің жай-күйін, педагогикалық құрамның кәсіби құзыреттілік деңгейін, білім алушылардың оқытылуын, тәрбиелілігін және дамуын диагностикалау;
- колледжді дамытудың кешенді-мақсатты бағдарламаларын, әрбір оқытушының және өндірістік оқыту шеберінің кәсіби шеберлігі мен шығармашылығын әзірлеу;
- еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, мамандарды даярлау сапасын тұрақты түрде жетілдіру үшін жағдай жасау жолымен сапалы оқу-тәрбие жұмысы үшін бүкіл ұжымның күш-жігерін біріктіру:
- оқу-тәрбие процесінің нәтижелілігі мен тиімділігі мониторингінің нысандары мен әдістерін жетілдіру.
3. Педагогикалық кеңестің құрамы
3.1. Колледждің педагогикалық кеңесінің құрамына басшылық құрам, оның ішінде барлық құрылымдық бөлімшелердің басшылары, оқытушылар мен оқу-көмекші персонал кіреді.
3.2. Педагогикалық кеңестің төрағасы колледж директоры болып табылады.
3.3. Педагогикалық кеңестің төрағасы жалпы басшылықты жүзеге асырады, отырыстарда төрағалық етеді, қабылданған шешімдерді бекітеді. Педагогикалық кеңес мүшелерінің арасынан ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.
4. Педагогикалық кеңестің құқықтары
4.1. Педагогикалық кеңес қарайды:
- Білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің, педагогикалық кеңестің алдыңғы отырыстары шешімдерінің орындалуын;
- Колледж қызметін ұйымдастыру мен дамытудың негізгі мәселелерін реттейтін ішкі нормативтік актілерін;
- Колледждегі оқу-тәрбие және әдістемелік жұмыстың жағдайын;
- Бөлімшелердің, кафедралардың, басқа да оқу-көмекші бөлімшелердің жұмыс жағдайын;
- Колледждің, оның ішінде негізгі құрылымдық бөлімшелердің оқу-тәрбие және әдістемелік жұмысын жоспарлау мәселелерін;
- Оқу-материалдық базаны дамыту, білім алушылардың өндірістік практикасын ұйымдастыру және өткізу, оларды түлек етіп шығару және жұмысқа орналастыру мәселелерін;
- Мамандарды даярлау сапасы, контингентті сақтау мәселелерін;
- Оқу құнын толық өтеген топтардағы білім алушыларды бюджеттік негіздегі топтарға оқуға ауыстыру мәселелерін.
5. Педагогикалық кеңес қызметінің тәртібі
5.1. Педагогикалық кеңестің жұмысы оқу жылына әзірленетін, педагогикалық кеңестің отырысында қаралатын және колледж директорымен бекітілетін жоспар бойынша жүргізіледі.
5.2. Педагогикалық кеңестің отырыстары жылына 3 рет, оқу жылының басында, 1 семестр аяқталғаннан кейін және оқу жылының соңында өткізіледі. Педагогикалық кеңестің отырыстарында талқыланатын мәселелер бойынша орындау мерзімдері мен орындауға жауапты адамдар көрсетілген шешімдер шығарылады.
5.3. Педагогикалық кеңестің шешімдері қарапайым дауыс беру арқылы қабылданады және оларды колледж директоры бекіткеннен кейін күшіне енеді.
5.4. Педагогикалық кеңестің төрағасы қабылданған шешімдердің орындалуын жүйелі түрде тексеруді ұйымдастырады және тексеру нәтижелерін педагогикалық кеңестің талқылауына қояды.
5.5. Педагогикалық кеңестің әрбір мүшесі Кеңестің барлық отырыстарына қатысып, оның жұмысына белсенді түрде қатысып, өзіне жүктелген тапсырмаларды уақтылы және дәл орындауы тиіс.
5.6. Педагогикалық кеңестің отырысы хаттамамен рәсімделеді. Хаттамаға педагогикалық кеңестің төрағасы мен хатшысы қол қояды. Әрбір хаттамада оның нөмірі, кеңес отырысының күні, қатысушылардың саны, отырыстың күн тәртібі көрсетіледі. Сөз сөйлеушілердің қысқаша жазбасы және талқыланатын мәселелер бойынша қабылданған шешім жүргізіледі. Сөз сөйлеу мәтіндері қоса беріледі.
5.7. Педагогикалық кеңес отырыстарының хаттамалары әдістемелік кабинеттің істер номенклатурасында 5 жыл сақталады.