Kazdual командасы ағымдағы жылдың Магдебургтегі Отто-фон-Герике университетінің техникалық кәсіптік білім беру мектебінде (TVET) болды
Kazdual командасы ағымдағы жылдың 22-ші маусымында Магдебургтегі Отто-фон-Герике университетінің техникалық кәсіптік білім беру мектебінде (TVET) болды. Тренингке қатысушыларды аталған мектептің бірінші басшысы Буркхардт Ланге және оның әріптестері Др. Пливе, Др.Бэк қарсы алды.
Оқу орны кадрларды даярлауды 1903 жылдан бастап жүзеге асырады және Саксония-Анхальт жеріндегі ең ірі техникалық кәсіптік білім беру орыны болып табылады.
Магдебургтегі тренингке қатысушылар техникалық кәсіптік білім беру мектебінің базасында орналасқан электротехника және мехатроника, автомобиль мехатроникасы, ақпараттық технологиялар мен бағдарламалау, құрылыс және құрылыс материалдарын өндіру және дизайн зертханаларымен танысты. Германия тәжірибесі бойынша техникалық және кәсіптік білімнің біліктілік деңгейлерінен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім деңгейлерімен байланысы және оған ауысуы жайында толық ақпарат берілді.
Erasmus+ KazDual жобасының австриялық серіктес ЖОО Тироль Педагогикалық Университетінің тренерлері осы аптаның воркшоп-семинарларын жалғастыруда. Бүгінгі воркшоптың тақырыбы дуалды оқыту контексінде құзыреттіліктер мен оқыту нәтижелерін бағалаудың заманауи тәсілдері арқылы кәсіби құзыреттіліктерді дамыту және оларды бағалау көрсеткіштері болды. Австриялық жоғары оқу орындарының тәжірибесі көрсеткендей, біліктілікті бағалау — бұл әртүрлі бағалау әдістерінің кешенін қолдануды талап ететін өте күрделі және сан қырлы процесс.
Kazdual командасы Германия мен Австрияның тәжірибесіне негізделген ұсыныстардан тұратын дуалды оқыту жүйесінің қазақстандық моделін дайындауда нақты нәтижелерге қол жеткізуде.