Германияның Отто фон Герике атындағы Магдебург университетінде оқудың екінші күні
14.06.2022 Магдебург (Германия) қаласындағы Отто фон Герике университетінде Еуропалық Одақтың Эразмус+ бағдарламасымен қаржыландырылатын 618835-EPP-1-2020-1-KZ-EPPKA2-CBHE-SP Kazdual "Inplementing Dual System in Kazakhstan" (Қазақстанда дуальды жүйені енгізу) халықаралық жобасының қазақстандық қатысушылары үшін оқытудың екінші күні.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Шәкәрім атындағы Семей университеті, Қарағанды жоғары политехникалық колледжі, Семей электротехникалық колледжінен келген тренингке қатысушылар оқу бағдарламаларының негізгі үлгілерімен, олардың негізгі концептуалды айырмашылықтары, сарапшылық сұхбаттар, ашық талқылаулар және бақылауларды біріктіру арқылы оқу бағдарламаларын жасаудың негізгі кезеңдерімен танысты.
Тренинг аясында қатысушыларға DACUM әдісі (Developing a Curriculum), DACUM әдісін қолданудағы негізгі қателерді талдау, DACUM әдісінің логикалық алғышарттары, DACUM кезеңдері ұсынылды. Тренингке қатысушылар жұмысқа орналасудың лауазымдық қызметтері мен оқу жоспарларын әзірлеу, жұмыс көлемінің матрицасын құрастыру сияқты мәселелерге үлкен қызығушылық танытты. Оқытуды жалғастыруда 1) Жұмыс үрдісіне бағытталған дидактика, жұмыс тапсырмалары, 2) Кәсіби құзыреттілік және кәсіби оқу жоспарлары, 3) Оқыту бағыттарына бағытталған оқу бағдарламалары, 4) Іс-әрекетке бағытталған оқыту әдістері сияқты мәселелер талқыланды. Тренингке қатысушылар кәсіптік білім беру және оқыту дидактикасының орнын анықтау, жұмыс үрдістерін талдау және олардың негізінде оқу бағдарламаларын жасау арасындағы байланыстарды талқылады. Тренингтің екінші күнінің қорытынды презентациясында Германия экономикасының білікті ЖОО түлектеріне қажеттілігіне талдау жасалды, Германияда дуальды білім беру бағдарламаларын енгізудің базалық шарттарына шолу жасалды, өзара әрекеттесу үлгілері ұсынылды, еңбек нарығы мен білім беру секторы көрсетілді, оқу бағдарламаларын әзірлеу кезінде өңірлік ерекшеліктерді, еңбек нарығының талаптарын ескеру мәселелері мен оқыту бейінін әзірлеу рәсімдері талқыланды. Тренинг соңында қатысушылар мүмкін болатын еңбек жағдайларын, әртүрлі салалардағы дуальды оқу бағдарламаларын талдап, дуальды оқу бағдарламаларын енгізудегі қазақстандық жоғары оқу орындары мен колледждердің тәжірибесін талқылады.