Германияның Отто фон Герике атындағы Магдебург университетінде оқудың алтыншы күні
Австриялық Тироль педагогикалық университетінің профессорларынан KazDual жобасы бойынша воркшоп "Құзыреттілікті дамыту: құзыреттілік модельдері мен өлшемі. Білім алушыларға бағытталған дидактика"
20.06.22 ж. Erasmus+ бағдарламасы KazDual "Қазақстанда дуальды жүйені енгізу" жобасының жұмыс тобы австриялық KazDual командасы, докторлар Регина Матиес, Ингрид Хотарек және Ирис Кан жүргізетін "Құзыреттілікті дамыту: Құзыреттілік модельдері мен өлшемі. Білім алушыларға бағытталған дидактика" воркшопына белсенді қатысуда. Тренингтің мақсаты – оқыту нәтижелерін зерттеу, құзыреттіліктің түрлі модельдерін талдау. Маманның табысты мансабы үшін негізгі құзыреттіліктер қарастырылды. Құзыреттілік модельдері мен өлшемі" воркшопының бірінші бөлімінің қатысушылары құзыреттіліктің түрлі үлгілерімен танысты және тиісті жұмыс саласында/кәсіби салада оқыту/оқу шарттары үшін құзыреттіліктің түрлі өлшемдерінің өзектілігін талдады, құзыреттерді қалыптастыруда дуальды оқытудың рөлін анықтады.
"Білім алушыларға бағытталған дидактика" семинарының келесі бөлімінің мақсаты – оқушыға бағытталған дидактиканың негізгі аспектілерін түсіндіру және осы дидактикалық тәсіл мәнмәтініндегі мұғалімнің рөлі туралы ойлау. Тренингке қатысушылар жұп-жұппен өз бетінше жұмыс жасады - оқушыға бағытталған дидактика критерийлерін анықтады.
Талқылауға арналған маңызды сәт оқушыға бағытталған дидактиканың негізгі аспектілері және осы дидактикалық тәсіл мәнмәтініндегі мұғалімнің рөлін түсіну, оқуды қолдайтын әдістерді зерттеу, студенттерге бағытталған оқыту болды. Топтар әр мамандық бойынша білім алушыларды даярлаудың жеке тұлғаға бағытталған дидактикасының өз макеттерін ұсынды.
Сыни ойлау, коллаборация, креативтілік және коммуникативтілік сияқты ХХІ ғасырдың маңызды құзыреттіліктеріне ерекше назар аударылды.
Құзыреттілікті қалыптастыру тәсілдерін қарастыра отырып, "ақылды орындаушылық мінез-құлық" деп аталатын жоғары өзін-өзі танумен бірге жоғары бейімделудің маңыздылығын атап өтті.
Не үшін оқу керек және қандай мақсатқа ұмтылу керек деген мәселе әр оқу орнының алдында тұр. Оқу және даму мақсаттарын тұжырымдау өзгерістердің болжануы қиын және күрделі процестеріне байланысты қиындай түседі. Сондықтан метақұзыреттіліктер мансапқа ықпал ететін құзыреттілік пен мінез-құлықтың тұрақты дамуының алғышарты болып табылады.
Доктор Регина Матиес қазіргі уақытта маңызды болып табылатын "өмір бойы оқыту" тұжырымдамасына назар аударды. Кәсіби маңызды білім тез ескіреді (жаһандық бәсекелестік, әлеуметтік үрдістер, цифрландыру...).
Бұл мәселелерді еңсеру дуальды оқыту және білім алушылардың бойында тиісті дағдылар мен жұмысқа орналасу қабілеттерін қалыптастыру арқылы табысты шешілуде.