Жұмыс сапарымен Германияда
Дуалды оқытуды енгізу саласындағы шет елдердің озық тәжірибесін тиімді пайдалану мақсатында Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің директоры Ж.З.Рахимова бастаған делегация «Отто фон Герике» Магдебург университетінің шақыруымен 6-11 қараша аралығында жұмыс сапарымен Германияға барды. Соңғы үш жылдың ішінде біздің колледж жоғары білім беруде және ТжКББ-да дуалды жүйені енгізу үшін ұсынымдар әзірлеу және стандарттар әзірлеу болып табылатын Каздуал жобасына белсенді қатысады. Erasmus+ жобасының аясында «Қазақстанда дуалды білім беру мен оқытуды енгізу» бағдарламасына М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті ҚР (жоба үйлестірушісі), Otto-von-Guericke-University Magdeburg – Отто фон Герике атындағы Магдебург университеті (Германия), University of Applied Sciences – Таллин қолданбалы ғылымдар университеті (Эстония), Pädagogische Hochschule Tirol – Тироль Педагогикалық университеті (Австрия), ACQUIN – Аккредиттеу, сертификаттау және сапаны қамтамасыз ету институты, CEENQA – Жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету агенттіктерінің Орталық-Шығыс-Еуропалық желісі, Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік (НАОКО), Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Семей қ. Шәкәрім Университеті, Қарағанды жоғары политехникалық колледжі, Семей қ. Электртехникалық колледжі қатысады. Сапар барысында колледж делегациясы Отто фон Герике атындағы Магдебург университетінде және Эрфурт қаласындағы кәсіптік мектепте болып, Қазақстанның жоғары оқу орындары мен колледждерінде дуалды білім беру моделін енгізуге басшылық жасау жөніндегі тренингтерге қатысты. Жоба қорытындысы бойынша Қарағанды облысының Білім басқармасының қолдауымен жақын арада колледж базасында Қарағанды облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында алған тәжірибені тарату мақсатында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізу жоспарлануда.