Телефондар:

  • +7 (7212) 41‒17‒20вахта
  • +7 (7212) 41‒17‒18қабылдау бөлімі

Корпустар мекен-жайы:

  • Бұқар Жырау даңғылы, 91 корпус
  • Костенко, 112 корпус
  • Бұқар Жырау даңғылы, 11a1 корпус
  • Волгодонская, 454 корпус

Жұмыс уақыты:

  • дс-жм 08:00-18: 00түскі үзіліс 13:00-14:00
  • сенбі 08:00-14:00

Әлеуметтік желілер:

Жаһандану дәуіріндегі бейбітшілік: экономикадағы, құқықтық және әлеуметтік салалардағы инновациялардың басым бағыттары

2021 жылдың 26 мамырында "Экономика, құқық және жалпы кәсіптік пәндер" кафедрасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Жаһандану дәуіріндегі бейбітшілік: экономикадағы, құқықтық және әлеуметтік салалардағы инновациялардың басым бағыттары" атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

Студенттер мен оқушыларға арналған конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

  1. Кәсіпкерлік -   адам капиталын дамыту жағдайындағы жаңа экономикалық шындық ретінде.
  2. Ақпараттық кеңістіктегі заманауи цифрлық технологиялар.
  3. Мәдени интеграция процесі ретінде халықаралық қатынастардың дамуы.
  4. Қызмет көрсету саласындағы цифрлық өнердің қазіргі даму тенденциялары.

Оқытушыларға келесі бағыт ұсынылды: Дуальды оқыту жұмыс берушілермен ынтымақтастықты нығайту факторы.

Конференция ұйымдастырушылары: Нұр-Сұлтан қаласы білім беруді жаңғырту орталығы, Нұр-Сұлтан қаласы Қазтұтынуодағының жоғары сауда-экономикалық колледжі.

Конференция нәтижелері бойынша:

  1. 9-2-УА-19 тобының студенті Тойболдина Данара "Мәдени интеграция халықаралық ынтымақтастық тәсілі" атты баяндамасымен (ғылыми жетекшісі Тунгушпаева Г.К.) 3 орын үшін диплом алды;
  2. 9-2-УA-19 тобының студенті Гисвайн Алина «Аймақтардағы шағын кәсіпкерліктің экономикалық сипаттамасы» баяндамасымен (жетекшісі Айтман Е.Е.), 9-1-УA-19 тобының студенті Қайрұлла Айзада «Қазақстандық кәсіпкерлердің ерекшеліктері мен болашағы» баяндамасымен (ғылыми жетекшісі Темірбек И.А.) сертификаттар алды.
  3. Оқытушы Ойшиева Г.С. "Дуальды оқыту – мәселелер және перспективалар" баяндамасымен 2 орын үшін диплом алды;
  4. Оқытушы Темірбек И.А. «Білікті кадрларды даярлау және жастарды жұмысқа орналастыру тәсілі ретінде дуальды оқыту жүйесі» баяндамасымен 3 орын үшін диплом алды.