Оқудың екінші күні
Австрияның Инсбрук қаласында KazDual жобасы шеңберінде ауқымды оқыту тренингі өз жұмысын жалғастыруда.
Екінші күннің тренингін Отто фон Магдебург университетінің докторы Герике Кристин Брингс өткізді. Тренинг SQF, ECTS, ECVET сияқты еуропалық білім беру стандарттарына арналды.
Сондай-ақ, Доктор Бриггс Германияда дуальді оқыту туралы шарттар жасасу сұрақтары жайлы мемлекет пен жеке кәсіпкерлік сектор арасындағы ынтымақтастық алгоритмін жан-жақты талдады.
Негізгі оқу бағдарламалары, жоғары оқу орындарындағы дуалды оқыту түрлері және олардың негізгі артықшылықтары мен кемшіліктері, колледждер мен университеттерге арналған білім беру алгоритмдерінің арасындағы айырмашылықтар сияқты өзекті тақырыптар айтылып, талқыланды.
Екінші күннің соңында бүгінгі сабақ тақырыбына рефлексия жүргізілді, белсенді талқылау мен тәжірибе алмасу барысында Австрия, Германия, Оңтүстік Корея және Қазақстанда дуалды оқытуды дамыту арасында параллельдер жүргізілді.
Екінші күннің соңында тренинг қатысушыларын Тироль педогогикалық университетінің ректорат мүшелері қарсы алып, Қазақстанның Австрядағы құрметті консулі Герхард Бурхер мырзамен кездесті. Сонымен қатар, университеттің вице-ректоры Ирмгард Платтнер оқу орнының бас корпусына көлемді саяхат жасалды: бастапқы деңгейлі оқушыларды дайындайтын сыныптар, оқу зертханалары, өндірістік шебераналар және спорт залы мен университет бассейні қамтылды.