Телефондар:

  • +7 (7212) 41‒17‒20вахта
  • +7 (7212) 41‒17‒18қабылдау бөлімі

Корпустар мекен-жайы:

  • Бұқар Жырау даңғылы, 91 корпус
  • Костенко, 112 корпус
  • Бұқар Жырау даңғылы, 11a1 корпус
  • Волгодонская, 454 корпус

Жұмыс уақыты:

  • дс-жм 08:00-18: 00түскі үзіліс 13:00-14:00
  • сенбі 08:00-14:00

Әлеуметтік желілер:

Кітап және оқу: жас ұрпақ тұлғасының үйлесімді дамуы

25.04.2019ж Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің кітапхана ұжымы «Диверсификация төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы білім беру жүйесі дамуының басым векторы ретінде» атты VІІ облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыруға арналған «Кітап және оқу: жас ұрпақ тұлғасының үйлесімді дамуы» тақырыбында студенттер арасындағы облыстық ғылыми -тәжірибелік конференция сынабелсене қатысты, кітапхана меңгерушісі Шөменбаева С.С. І дәрежелі жеңімпазғаие болған колледж студенті Торғаева Мерейді дайындап ғылыми жетекшісі болды.

Студент  Торғаева Мерей аталмыш конференцияда І дәрежелі орынға ие болғаны үшін дипломмен марапатталды. Конференция Қарағанды гуманитарлық колледжінде өтті. Сондай-ақ, колледжіміздің 1 курс студенті Баталов Денис «Кітап – өмір кілті» суреттер конкурсына қатысқаны үшін сертификат алды. 

 Конкурстың мақсаты – «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаланы оқырман назарына ұсынып, санасына сіңіру. Ұлы дала елін сүюге, қадірлеп қастерлеуге, өз Отанының тарихын, мәдениетін білуге бағыттау. Туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту. Ұлтына деген құрметін қалыптастыру, патриоттық сезімге тәрбиелеу.  Кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру.

Басты  мақсат – төл тарихын бағалайтын жас ұрпақ тәрбиелеу.