Кітап және оқу: жас ұрпақ тұлғасының үйлесімді дамуы
25.04.2019ж. Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің кітапхана ұжымы «Диверсификация төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы білім беру жүйесі дамуының басым векторы ретінде» атты VІІ облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыруға арналған «Кітап және оқу: жас ұрпақ тұлғасының үйлесімді дамуы» тақырыбында студенттер арасындағы облыстық ғылыми -тәжірибелік конференция сынабелсене қатысты, кітапхана меңгерушісі Шөменбаева С.С. І дәрежелі жеңімпазғаие болған колледж студенті Торғаева Мерейді дайындап ғылыми жетекшісі болды.
Студент Торғаева Мерей аталмыш конференцияда І дәрежелі орынға ие болғаны үшін дипломмен марапатталды. Конференция Қарағанды гуманитарлық колледжінде өтті. Сондай-ақ, колледжіміздің 1 курс студенті Баталов Денис «Кітап – өмір кілті» суреттер конкурсына қатысқаны үшін сертификат алды.
Конкурстың мақсаты – «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаланы оқырман назарына ұсынып, санасына сіңіру. Ұлы дала елін сүюге, қадірлеп қастерлеуге, өз Отанының тарихын, мәдениетін білуге бағыттау. Туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту. Ұлтына деген құрметін қалыптастыру, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру.
Басты мақсат – төл тарихын бағалайтын жас ұрпақ тәрбиелеу.