Телефондар:

  • +7 (7212) 41‒17‒20вахта
  • +7 (7212) 41‒17‒18қабылдау бөлімі

Корпустар мекен-жайы:

  • Бұқар Жырау даңғылы, 91 корпус
  • Костенко, 112 корпус
  • Бұқар Жырау даңғылы, 11a1 корпус
  • Волгодонская, 454 корпус

Жұмыс уақыты:

  • дс-жм 08:00-18: 00түскі үзіліс 13:00-14:00
  • сенбі 08:00-14:00

Әлеуметтік желілер:

«Кітап оқу сағаты» кураторлық сағаты

09.02.2022 ж. Қарағанды жоғары поолитехникалық колледжінің кітапханасы «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында оқу сауаттылығы апталығында мерейтойлық ақын-жазушыларға, атап айтсақ ғалым-лингвист, ақын-аудармашы Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл және қазақтың халық жазушысы, драматург Ғабит Мүсіреповтың туғанына 120 жыл толуына орай zoom конференциясы арқылы «Кітап оқу сағаты» кураторлық сағатын өткізді.

Мақсаты – студенттердің кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, қазақ ақын-жазушыларының өмір өткелдері мен шабыты шалқыған шығармашылығын насихаттау, дәріптеу, рухани адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу, ана тілін құрметтеу.

Онлайн шараға жүректері жырға жақын 9-1-ПОИС-21к тобының студенттері белсенді қатыса отырып, сұрақтарға қызығушылықпен жауап беріп, терең білімдері мен шеберліктерін көрсете білді, қаламгер өлеңдерін бар ынталарымен оқып шықты. Сондай-ақ, оқырман назарына көркем шығар-малармен, таңдамалы өлеңдер жинағымен, өмірі мен шығармашылығы туралы жазылған журналдар мен газеттер ұсынылған «Ақын-жазушылардың мерейтойлары» кітап көрмесіне шолу жасалынды.

Жалпы осындай әдеби іс-шаралар баланың кітап оқуға қызығушылығын арттырумен қатар, рухани құндылығымызды, тарихи деректерімізді өскелең ұрпақ бойына дарытып, патриоттық рухын ояту болып саналатыны сөзсіз.