«KazDual» жобасы бойынша тренингтің бесінші күні
"Мемлекеттік-жекешелік әріптестік"тренинг модулінің тақырыбы. "Жеке компанияларға жұмысқа орналасу мүмкіндіктері және кәсіпкерлер палатасымен ынтымақтастық" семинары. Тренингті австриялық "KazDual" командасының мүшелері Ингрид және Ирис өткізді. Келесі тақырыптар қарастырылды:
- білім беру жүйесі мен сауда палатасы арасындағы қарым-қатынас;
- компаниялар мен университеттер/колледждер арасындағы ынтымақтастықтың мотивациялық аспектілері;
- жұмысқа орналастыру.
Осы модульді аяқтағаннан кейін топтық жұмыс берілді. Әрбір оқу орны (команда) өзінің оқу орнында дуалды оқыту бойынша енгізу және оқыту құрылымын құруы тиіс еді. Тапсырманы орындағаннан кейін әр команда өз жұмысында қорғаныс жүргізді.
Барлық қатысушылар дуальды оқытуды енгізу мәселесі бойынша өз ойларымен бөлісті. Командалар арасында қызу пікірталас өтті.
Сондай-ақ, тренер Ингрид "Студенттерді оқыту сапасын арттыруға арналған к
ері байланыс стратегиялары" тақырыбында семинар өткізді, онда компанияларда дуалды жүйе бойынша оқитын студенттер үшін кері байланысты бағалау тұжырымдамасын әзірлеу мәселелері, студенттерді бағалауға арналған құжаттар қаралды.