Германияның Отто фон Герике атындағы Магдебург университетінде оқудың төртінші күні
15.06.22 ж. тренингтердің төртінші күні өте нәтижелі өтті. Тренингте гуманитарлық ғылымдар факультеті инженерлік педагогика және техникалық білім кафедрасының ғылыми қызметкері Ханнес Тегелбекерс сөз сөйледі. Ол тренинг тыңдаушыларын Отто фон Герике Университетінің жоғары білімді интернационалдандыру саласындағы тәжірибесімен таныстырды, атап айтқанда, UNESCO Ganhou 2004 (TVET) бағдарламасы бойынша университеттің жұмыс тәжірибесі көрсетілді. Студенттердің қос диплом алуы мақсатында халықаралық бағдарламаларға қатысушылардың оқу жоспарларын біріктіру жөніндегі іс-қимылдардың қағидаттары мен жұмыс кезіндегі алгоритмі ашылып көрсетілді. Университеттің магистр дәрежесінің негіздемелік оқу бағдарламасы және негізгі келісілген стандарттар көрсетілген.
Ханнес Тегельбекерс Германиядағы жоғары білімнің интернационализациясы көптеген еуропалық және басқа елдерге қарағанда ұйымдасқан және үйлестірілген түрде жүретінін атап өтті. Бұл процесті бес ұйым үйлестіре байланыстырды: Федералды білім және ғылым министрлігі, неміс ғылыми-зерттеу қоғамы, неміс ректорлар одағы, Германия академиялық алмасу қызметі және Александр фон Гумбольдт қоры.
Соңғы жылдары Германия жоғары білім беруді интернационалдандыру саласында айтарлықтай тәжірибе жинады, яғни бұл процесті реттейтін маңызды нормативтік-құқықтық базаның болуы куәландырады деп қорытындылады тренер. Шетелдік түлектер неміс тілін жақсы меңгеретін, Германиядағы мәдениет пен жұмыс әдістерін білетін, неміс қоғамының әлеуметтік және экономикалық интеграциясын едәуір тездететін дағдылары бар жоғары білікті мамандар ретінде өте маңызды. Егер ішкі және халықаралық қос бағдарламалар бойынша білім алынса, жоғары жалақы төленетін жұмыс табу мүмкіндігі жоғары болады. Өткізілген тренингтен тыңдаушылар қос диплом деген не, оқу бағдарламалары қандай, осындай оқытудың артықшылықтары мен кемшіліктері қандай, алмасу бойынша студент болу және халықаралық диплом алу жолдарын білді.
Бұдан әрі Отто фон Герике университетінің инженерлік педагогика және техникалық білім кафедрасының электротехникалық және құрылыс жабдықтарының зертханалары бойынша қысқаша экскурсия өткізілді.
Жоғары білім беруді интернационалдандыру стратегиясын іске асырудағы Германияның тәжірибесі Қазақстан үшін үлкен практикалық қызығушылық тудырады, өйткені неміс жоғары оқу орындары дәстүрлі түрде қазақстандық жоғары оқу орындарының стратегиялық әріптестері болып табылады.
Жұмыс күні университеттің дуалды серіктесі болып табылатын Pergamon MED кәсіпорнында экскурсияда болумен аяқталды. Pergamon MED компаниясы Германияның денсаулық сақтау кәсіпорындары үшін медициналық диагностикалық жабдықтарға арналған SOFT бағдарламалау саласында қызмет көрсетеді. Компания бағдарламалау, IT өнімдерін басқару және тестілеу, компьютерлік жабдықтарға техникалық қызмет көрсету саласында кәсіби құзыреттіліктерді алу тұрғысынан IT инженерия мамандықтары бойынша университет студенттерін практикалық оқытумен белсенді айналысатын мінсіз серіктес болып табылады. Компанияда студенттер жұмыс істейтін және тәлімгердің басшылығымен кәсіби және арнайы дағдыларды алатын зертханалар көрсетілді, кестелер, оқу жоспары және студент дуальды оқытудан өтетін бағдарламалар, яғни меңгерілген білім мен іскерлікті тестілеу рәсімдерін тапсырады, сондай-ақ жабдықтармен және өнімдермен (бағдарламалық өнімдермен) танысу көрсетілді. Бұрын Отто фон Герике университетінің студенті болып, Pergamon MED фирмасының негізінде дуалды жүйе бойынша білім алған және фирма қызметкерлерінің штатына кірген фирма қызметкерімен кездесу өтті.