Германияның Магдебург қаласы Отто фон Герике атындағы университетіндегі оқудың соңғы күні
Қорытынды жаттығуды австриялық KazDual командасынан Регин мен Ингрид жүргізді. Тренинг барысында 4-модуль «Құзыреттерді дамытудың» сұрақтары және «Мансаптық бағдар» сұрақтары зерделеніп, студенттерге олардың мансаптық мүмкіндіктері, құзыреттіліктерін дамыту жолдары туралы кеңес берудің ықтимал жолдары талқыланды. Қазақстан командасы студенттерге кеңес беру кезінде өз ұсыныстарын КЕЛІСЕМІН (не ұсынылады) және ҚАРСЫМЫН (неден аулақ болу керек) деп топтастырды. Талқылау барысында қабілеттер мен дағдылардың ерекше белгілері анықталды.
Магдебург қаласындағы Отто фон Герике университетінен KazDual жобасының жетекшісі, профессор Франк Бюннинг тренингке қатысушыларға жұмысқа белсенді қатысқандары мен кәсіби шеберліктері үшін алғысын білдіріп, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Шәкәрім университеті, Қарағанды жоғары политехникалық колледжі және Семей қаласының электротехникалық колледжі құрайтын Қазақстан командасына сертификаттарды табыс етті. Сондай-ақ жоба үйлестірушілерімен кездесу және NASA өкілі Беренгар Баллоф мырзамен және дуальдық жүйеде IT саласында оқитын студентпен кездесу өтті.
Қорытындылай келе, барлық қатысушылар Эразмус+ бағдарламасының KazDual – «Қазақстанда дуальды жүйені енгізу» жобасын жүзеге асырудағы одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміт білдірді. Бірлескен жұмысты жалғастыру 2022 жылдың қыркүйек айында Қазақстан Республикасының мекемелерінде: атап айтқанда академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде, Қарағанды жоғары политехникалық колледжінде, Шәкәрім университетінде және Семей электротехникалық колледжінде өткізу жоспарланған.