Телефондар:

  • +7 (7212) 41‒17‒20вахта
  • +7 (7212) 41‒17‒18қабылдау бөлімі

Корпустар мекен-жайы:

  • Бұқар Жырау даңғылы, 91 корпус
  • Костенко, 112 корпус
  • Бұқар Жырау даңғылы, 11a1 корпус
  • Волгодонская, 454 корпус

Жұмыс уақыты:

  • дс-жм 08:00-18: 00түскі үзіліс 13:00-14:00
  • сенбі 08:00-14:00

Әлеуметтік желілер:

Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің Бизнес мектебінің тыңдаушылары "Мен - Кәсіпкермін" Республикалық Гранд-турнирінде 3 орын алды

Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің Бизнес мектебінің тыңдаушылары Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Мен-Кәсіпкермін" Республикалық Гранд – турниріне белсенді қатысты. Байқау сегіз бағыт бойынша өтті: «Сауда», «Қызмет көрсету», «Шоу-бизнес, мәдениет», «Байланыс және ақпарат, Білім беру», «Өндіріс 1 секция», «Өндіріс 2 секция», «Туризм және экология», «Әлеуметтік кәсіпкерлік».

"Әлеуметтік кәсіпкерлік" бағыты бойынша 9-1-УА-20 тобының студенттері Ибраева Мадина, Әбіл Жақсылық, Сейткаримова Аяулым "Қарттардың күндізгі демалыс орталығы «Қарттығым – қуанышым!" жобасымен 3-ші орынға ие болды және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің грамотасымен марапатталды. Мельникова Валерия, Мурашина Милана 9-2-УА-20 тобының студенттері "Green Land" жобасымен конкурсқа белсенді қатысқаны үшін Республикалық жеке білім беру ұйымдары қауымдастығының грамотасымен марапатталды.

Байқаудың ұйымдастырушылары Алматы қаласының Кәсіпкерлер Палатасы атынан Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің директоры Жанар Зекенқызы Рахимоваға Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Мен-Кәсіпкермін" Республикалық Гранд –турниріне колледж командаларының белсенді қатысуын ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді.