Телефондар:

  • +7 (7212) 41‒17‒20вахта
  • +7 (7212) 41‒17‒18қабылдау бөлімі

Корпустар мекен-жайы:

  • Бұқар Жырау даңғылы, 91 корпус
  • Костенко, 112 корпус
  • Бұқар Жырау даңғылы, 11a1 корпус
  • Волгодонская, 454 корпус

Жұмыс уақыты:

  • дс-жм 08:00-18: 00түскі үзіліс 13:00-14:00
  • сенбі 08:00-14:00

Әлеуметтік желілер:

ҚЖПТК — WORLDSKILLS KARAGANDA 2026 ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЕҢ ҮЗДІК КОЛЛЕДЖІ!

Бүгін Оқушылар сарайында WorldSkills Karaganda 2026 өңірлік кәсіби шеберлік чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Чемпионат қорытындысы бойынша Қарағанды жоғары политехникалық колледжі жалпыкомандалық есепте І орынды иеленіп, өңірдегі жетекші колледждердің бірі әрі жоғары білікті мамандар даярлайтын білім беру ұйымы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Бұл жетістік студенттеріміздің қажырлы еңбегінің, тәлімгерлердің, сарапшылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің жоғары кәсібилігінің нәтижесі. Чемпионат барысында олар дайындықтың жоғары деңгейін, мақсатқа ұмтылысын және жеңіске деген жігерін көрсетті.

WorldSkills – бұл жай ғана жарыс емес. Бұл болашақ кәсіби мамандар қалыптасатын, еңбек нарығында сұранысқа ие құзыреттер шыңдалатын, білім мен дағды, жауапкершілік пен сапаның жоғары стандарттарына сай жұмыс істеу қабілеті сыналатын алаң.

Колледжіміздің барлық қатысушыларын, жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, сарапшыларын және педагогтерін осы айтулы жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл жеңіс жаңа кәсіби белестерге, ауқымды жобаларға және жарқын жетістіктерге бастайтын тағы бір маңызды қадам болсын

🥇 Қарағанды жоғары политехникалық колледжі — WorldSkills Karaganda 2026 чемпионатының жалпыкомандалық есебіндегі І орын иегері!