ҚЖПТК Ә. Ермеков атындағы мектеп-лицейіндегі Ашық есік күнінде
Қазақстан Республикасында жарияланған «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында оқушылардың кәсіби бағдарын қалыптастыру және жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыру мақсатында 24.12.2025ж. Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейінде «Ашық есік күні» өткізілді.
Аталған іс-шараға Қарағанды жоғары политехникалық колледжі де қатысып, оқушыларға келесі мамандықтар бойынша ақпарат ұсынды:
- «Төтенше жағдайларда қорғау»,
- «Өрт қауіпсіздігі»,
- «Бағдарламалық қамтамасыз ету».
Колледж өкілдері мамандықтардың ерекшеліктері, оқу үдерісі, материалдық-техникалық база және қабылдау шарттары туралы жан-жақты мәлімет беріп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.
Іс-шара оқушылардың болашақ мамандықты саналы түрде таңдауына ықпал етті.
