Телефондар:

  • +7 (7212) 41‒17‒20вахта
  • +7 (7212) 41‒17‒18қабылдау бөлімі

Корпустар мекен-жайы:

  • Бұқар Жырау даңғылы, 91 корпус
  • Костенко, 112 корпус
  • Бұқар Жырау даңғылы, 11a1 корпус
  • Волгодонская, 454 корпус

Жұмыс уақыты:

  • дс-жм 08:00-18: 00түскі үзіліс 13:00-14:00
  • сенбі 08:00-14:00

Әлеуметтік желілер:

«Үздік мамандық иесі» байқауы

2021 жылдың 9 сәуірінде Қарағанды жоғары политехникалық колледжінде "Есеп және аудит (салалар бойынша)" мамандығының 2 курс студенттері арасында "Үздік мамандық иесі" байқауы өтті.

Байқауға 9-1-УА-19 (Байтуғанова Баян, Досмағанбет Ерлан,Ұзақбай Сезім, Боранбай Ерхан) және 9-2-УА-19 (Каирова Даяна, Текмаев Руслан, Костромин Артем, Гисвайн Алина) топтардан 2 команда қатысты. Байқау квест ойыны түрінде өтті. Командаларға 4 кезеңге бөлінген тапсырманы орындау керек болды: кезеңнің басында және соңында бухгалтерлік баланс жасау, 15 шаруашылық операциялар шоттарының корреспонденциясын толтыру және айналым-сальдолық ведомосін жинау. Ойын ережелері бойынша командалар кезеңдегі тапсырманы дұрыс орындамаған жағдайда айып шеңберін жасау керек еді, онда проводкалар түрінде кедергілер болды, олардың мағынасын  шешуге тура келді. Әр тапсырмаға таймер орнатылды - уақыт шегі.

Студенттер тапсырманы сәтті орындады.9-1-УА-19 тобының командасы тапсырманы тезірек орындап, осы жарыста үздік атанды. Екі команданың жетекшісі Тунгушпаева Г.К.

Аталған іс-шараны ұйымдастыруға “Экономика, құқық және жалпыкәсіптік пәндер”  кафедрасының оқытушылары Тунгушпаева Г.К., Темірбек И.А., Юсупова Ж.Б. қатысты.