Өз мамандығыңды бізбен бірге таңда!
“Психология таңғажайып ғылым” онкүндігінің аясында “Мың мамандық бәрі бар, таңдап, талғап бірін ал” атты іс-шара 19-шы мектепте өткізілді.
🔷Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың кәсіби бағыт-бағдар алуына көмектесу және болашақта өзіне лайық мамандық таңдауына ықпал ету.
🔷Іс-шараға Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің оқытушылары Кантеев Айдар Қалиевич, Искакова Рымкуль Ережеповна,Қуат Ерсұлтан Ергелдіұлы, Саликов Абылай Мадкенович қатысты.
Білім алушыларға өз тәжірибелерімен бөлісіп, колледж мамандықтары жайлы айтып, жастарды болашақ мамандық таңдауына қатысты маңызды кеңестер берді. Сонымен қатар, студенттер колледждің оқу бағдарламалары, практикалық дағдылар мен еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар туралы толық мәлімет алды.