«Wooppay» және РГП «КазАэроНавигация» компанияларының өкілдерімен кездесу
📅 2025 жылғы 2 сәуірде Қарағанды жоғары политехникалық колледжінде IT мамандығы бойынша білім алатын және ағылшын тілін Pre-Intermediate және Intermediate деңгейінде меңгерген 3 және 4 курс студенттерінің «Wooppay» және РГП «КазАэроНавигация» компанияларының өкілдерімен кездесуі өтті.
🎯 Кездесудің мақсаты – студенттерге өндірістік тәжірибеден өту және әрі қарай жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін талқылау.
💡 Кездесу барысында студенттер жұмыс берушілердің талаптары, IT және авиациялық навигация саласындағы даму перспективалары туралы ақпарат алды, сондай-ақ табысты жұмысқа орналасуға қатысты құнды кеңестерге ие болды. Мұндай кездесулер студенттердің кәсіби қызметке жақсырақ дайындалуына және болашағы зор мансаптық мүмкіндіктерді табуына көмектеседі.