Телефондар:

  • +7 (7212) 41‒17‒20вахта
  • +7 (7212) 41‒17‒18қабылдау бөлімі

Корпустар мекен-жайы:

  • Бұқар Жырау даңғылы, 91 корпус
  • Костенко, 112 корпус
  • Бұқар Жырау даңғылы, 11a1 корпус
  • Волгодонская, 454 корпус

Жұмыс уақыты:

  • дс-жм 08:00-18: 00түскі үзіліс 13:00-14:00
  • сенбі 08:00-14:00

Әлеуметтік желілер:

Тербет елді, Тәуелсіздік ұраны!

14.12.2023 күні Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің кітапханасы «Оқуға құштар колледж» жобасын іске асыру аясында ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие мен білім бағытында ҚР-ның тәуелсіздік күніне орай «Тербет елді, Тәуелсіздік ұраны!» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, ауызша журнал өткізді.

Мақсаты – оқырман қауымға еліміздің тәуелсіздік алған жолында жеткен жетістіктері туралы мағлұмат беру, ата-бабамыздың ерен ерлігін үлгі ету, ұлттық сезім, мақтаныш, сана, парызды әрбір тұлғаның бойына дарыту. Студенттерге туған жерін, елін, Отанын сүюге баулу, патриоттық тәрбие беру және кітапқа деген сүйіспеншілік пен оқуға құштарлықты арттыру.

Шарада студенттер назарына кітап көрмесі таныстырылыпп, библиографиялық шолу жасалды. Тәуелсіздік туралы бейнебаян мен презентациялар көрсетілді. Ауызша журналға 9-1-ПОИС-23 тобының студенттері белсене қатысып, рухани ойларын барынша ортаға салды.

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, баянды болсын. Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы, егемен еліміздің ұрпағының еңсесі биік болып, көк аспанда қасиетті көк туымыз мәңгі желбіресін! ​ ​ ​