Студенттердің жұмыс берушімен кездесуі
2026 жылғы 5 мамырда Қарағанды жоғары политехникалық колледжінде «Автомобиль көліктеріне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығының студенттерімен жұмыс беруші — ТОО QazTehna компаниясының өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесу барысында кәсіпорын өкілдері студенттерді компанияның қызметімен, еңбек жағдайларымен және мамандарға қойылатын талаптармен таныстырды. Сонымен қатар, мансаптық өсу мүмкіндіктері, өндірістік тәжірибеден өту және бос жұмыс орындары туралы ақпарат берілді.
Студенттер белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, таңдаған мамандықтары бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндіктері жөнінде пайдалы мәлімет алды.
Осындай іс-шаралар колледж бен жұмыс берушілер арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, студенттердің кәсіби қызметке дайындығын арттыруға ықпал етеді.
