Шахтинск өңірінің оқушыларына арналған кәсіптік бағдар беру экскурсиясы
Шахтинск өңірінің оқушыларына арналған кәсіптік бағдар беру экскурсиясы
2026 жылғы 26 ақпанда Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің базасында Шахтинск қаласы білім бөлімінің Шахтинск қаласының Оқушылар сарайымен ынтымақтастық аясында Шахтинск өңірі мектептерінің 9–11-сынып оқушыларына арналған кәсіптік бағдар беру экскурсиясы өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар колледждің бас және 5-оқу корпустарындағы практикалық сабақ кабинеттерін аралап, заманауи материалдық-техникалық базасымен және оқу жағдайымен танысты. Әсіресе оқу шахтасына жасалған экскурсия оқушылардың ерекше қызығушылығын тудырып, тау-кен мамандықтарының ерекшеліктерімен жақын танысуға мүмкіндік берді.
Экскурсия оқушыларға колледждегі білім беру бағыттары мен оқу мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат алып, болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға бағыт-бағдар берді.
