«Ұшқан ұя» – ұрпаққа үлгі, рухқа тағылым
2025 жылғы 23 желтоқсанда «Адал азамат» бағдарламасы және «Кітап оқитын ұлт» жобасын іске асыру аясында колледж кітапханасы мен тілдер кафедрасының ұйымдастыруымен оқу залында көрнекті жазушы, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай «Ұшқан ұя» шығармасы бойынша пікірсайыс өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – жастарды кітап оқуға ынталандыру, Бауыржан Момышұлының балалық шағы мен тәрбиесі арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу, батырлық пен ерліктің маңызын насихаттау. Сонымен қатар, Отанға деген сүйіспеншілік, ұлтқа адал қызмет ету, еңбекқорлық пен жауапкершілік сияқты асыл қасиеттерді үлгі ету көзделді.
Пікірсайыс барысында қаламгердің туындысы үлкен қызығушылықпен талқыланып, мазмұнды әрі тартысты өтті. Студенттер шығарманы оқи отырып, алған тағылымдық және танымдық ой-пікірлерімен, жеке көзқарастарымен бөлісті. Олар кітаптағы кейіпкерлерге жан-жақты мінездеме беріп, олардың психологиялық тереңдігін және оқиғалардың өміршең шынайылығын ашып көрсетті.
Сонымен қатар, Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесіне шолу жасалып, белсенді қатысушылар арнайы марапаттарға ие болды.
Жауаптылар: кітапхана қызметкерлері, оқытушы Күржікен Б.Қ.
Қатысушылар: 20 студент.
