Қарағанды жоғары политехникалық колледжінде студенттер демонстрациялық емтихан тапсырады
27 қарашада Қарағанды жоғары политехникалық колледжінде «Инженерлік графика CAD» құзыреттілігі бойынша студенттер алғаш рет демонстрациялық емтихан тапсырды. Емтихан кезінде студенттер теориялық білімдерін практикада көрсетті.
Демонстрациялық емтихан – бұл, WorldSkills талаптарына сәйкес, нақты қызметтерді немесе өндірістік процестерді модельдеудегі практикалық дағдыларды, білім деңгейін және икемділікті қамтамасыз ететін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру студенттерін сертификаттау нысаны.
Демонстрациялық емтихан барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілді.