PROFICENTR орталығындағы кәсіптік бағдар беру іс-шарасына қатысу
2026 жылғы 20–24 сәуір аралығында Қарағанды жоғары политехникалық колледжі КММ «Оқушылар сарайы №2» базасындағы PROFICENTR орталығында ұйымдастырылған кәсіптік бағдар беру іс-шарасына қатысты.
Іс-шара барысында колледж өкілдері көрме материалдарын ұсынып, оқушыларды дайындық бағыттарымен, оқуға түсу шарттарымен, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім алу мүмкіндіктерімен таныстырды.
Қатысушылар колледж мамандықтары туралы толық ақпарат алып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, болашақта оқуын жалғастыру және жұмысқа орналасу мүмкіндіктері жөнінде мәлімет алды.
Осындай іс-шараларға қатысу оқушылардың білім алу мүмкіндіктері туралы ақпараттануын арттырып, болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға ықпал етеді.
