Телефондар:

  • +7 (7212) 41‒17‒20вахта
  • +7 (7212) 41‒17‒18қабылдау бөлімі

Корпустар мекен-жайы:

  • Бұқар Жырау даңғылы, 91 корпус
  • Костенко, 112 корпус
  • Бұқар Жырау даңғылы, 11a1 корпус
  • Волгодонская, 454 корпус

Жұмыс уақыты:

  • дс-жм 08:00-18: 00түскі үзіліс 13:00-14:00
  • сенбі 08:00-14:00

Әлеуметтік желілер:

Олжас Сүлейменовтің 90 жылдығына арналған «Әдеби Coffee Boom»

2026 жылғы 19 мамырда «Адал азамат» бағдарламасын іске асыру аясында және колледждің 95 жылдық мерейтойына орай кітапханада көрнекті қазақстандық ақын, жазушы, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің 90 жылдығына арналған «Әдеби Coffee Boom» іс-шарасы өтті.

Іс-шара кітапхана қызметкерлері мен көптілділік кафедрасының ұйымдастыруымен өткізілді. Кездесудің негізгі мақсаты — студенттердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру және қаламгердің әдеби мұрасын жастар арасында насихаттау.

Шара барысында қатысушылар Олжас Сүлейменовтің өмір жолы мен шығармашылығымен танысып, оның поэзиялық туындыларын, қоғамдық қызметін және ұлттық мәдениетті дамытуға қосқан елеулі үлесін талқылады. Сонымен қатар студенттер ақынның өлеңдерін ерекше құрметпен мәнерлеп оқыды.

Танымдық бөлімге де айрықша көңіл бөлінді. Оқырмандар автордың өмірбаянына қатысты қызықты деректермен танысып, оның тарих, тіл және мәдениет туралы көзқарастары, сондай-ақ шығармашылығының қазіргі қоғам үшін маңызы жөнінде мағлұмат алды.

Әдеби кездесу мазмұнды әрі әсерлі өтіп, қатысушыларға жаңа білім, жарқын әсер сыйлап, әдебиет пен кітап оқуға деген қызығушылықтарын одан әрі арттырды.

Іс-шараға жауаптылар:
Кітапханашылар: Рахметолла Р.Е., Қайсар А., Рахимжанова Ш.
Шоменбаева С.С. — кітапхана меңгерушісі
Амержанова Р.Ж. — көптілділік кафедрасының оқытушысы

Қатысушылар:
9-2СЭЗС-25 тобының студенттері: Қайыржан Фатима, Малюкова Екатерина, Түсіпбеков Дарын, Амрин Темірлан және Ромащенко Александр.