Телефондар:

  • +7 (7212) 41‒17‒20вахта
  • +7 (7212) 41‒17‒18қабылдау бөлімі

Корпустар мекен-жайы:

  • Бұқар Жырау даңғылы, 91 корпус
  • Костенко, 112 корпус
  • Бұқар Жырау даңғылы, 11a1 корпус
  • Волгодонская, 454 корпус

Жұмыс уақыты:

  • дс-жм 08:00-18: 00түскі үзіліс 13:00-14:00
  • сенбі 08:00-14:00

Әлеуметтік желілер:

Менің мамандығым – менің болашағым

Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің оқу залында 02.12.2022 жылы «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында кітапхана ұжымы мен «Төтенше жағдайларда қорғау» бөлімінің 9-2-ЗЧС-19 тобының студенттерінің ұйымдастыруымен «Менің мамандығым – менің болашағым» атты кітапханалық журфикс түрінде тәрбие сағаты өткізілді.

Аталмыш іс-шарамызға Қарағанды қаласының «Төтенше жағдайларды жою» басқармасының бас маманы Қалыбеков Ғабит Толеуович пен колледжіміздің «Төтенше жағдайларда қорғау» бөлімінің 2015-жылғы түлегі Нарбота Қайратұлдарымен кездесу кеші өтті.

Кездесу қызықты да мазмұнды болды. Болашақ құтқарушы студенттеріміз біраз пікірлерін айтып, тәжірибемен алмасып, өздеріне қажетті ақпараттарды алды. Шара барысында кеш қонақтарына сөз беріліп, кітапханашы «Менің мамандығым – менің болашағым» атты кітап көрмесіне шолу жасады.

Халқымыздың игілігі мен табиғатымыздың құндылықтарын түрлі қауіп-қатерден қорғап, бүгінге дейін халықтың алғысына бөленіп жүрген маман иелеріне кеш соңында алғысымызды білдірдік.

Іс шараны өткізгендер:

9-2-ЗЧС-19 тобының кураторы Таласбаева Н.Е.

кітапханашы: Рахымжанова Ш.Қ.