«Әлемдік жаңа сымсыз жүйелер»
Ашық сабақ
Топ: 9-1-РЭС-20
Пән: Сымсыз желі қондырғыларын монтаждау
Тақырыбы: «Әлемдік жаңа сымсыз жүйелер»
Өткізетін күні: 07.04.2023ж
Оқытушы: Ильбишева Б.И.
Сабақтың мақсаты: Студенттердің әлемдік жаңа сымсыз жүйелер тақырыбы бойынша білімдерін жүйелеу, білім алушылардың өзіндік жұмысын ұймдастыру, көрнекі құралдармен жұмыс жасау барысында сабақтарда білім алушылардың танымдық қызметін жандандыру.
Қысқаша сипаттамасы: Ашық сабақ сайыс, дидактикалық ойын элементтерін қолданылып өткізілді. Бекіту кезеңі ойын элементтерімен өтті. Топ студенттерін алдын ала 2 топқа бөліп, оларға қойылған талаптар мен міндеттер берілді: Жалпы сымсыз технологиялар бойынша білімдерін бекіту; «Білім ағашына» жасырылған сұрақтарға жауап беру арқылы өткен тақырып бойынша білімдерін жүйелендіру; Жаңа тақырыбымен танысып, қысқаша конспект жазып, бір бірінің сұрақтарына жауап берді. Сабақтың өзекті тұстарын мұқият тыңдап, сұрақтарын қоя отырды; Жаңа тақырып пен өткен тақырыптарды ұштастырып, «Ақиқат немесе жалған» ойынында Kahoot платформасында анықтамалардың дұрыс немесе қате екені жайлы смарфонды қоланып жауап берді; Жаңа тақырыпты бекіту кезеңінде әр топтан 1-2 студенттен кезекпен кезек Fihukura оптикалық талшықты дәңекерлеу аппаратымен жұмыс жасады. Одан кейін Қазақстанның 5G технологиясына көшу мәселелері мен қиындықтары жайлы талқылау жүргізді; Студенттердің білімдерін бекіту мен түзету мақсатында WorldWall платформасын қолдана отырып, «Колесо фортуны» ойынын жүзеге асырылды. Сонымен қатар, «Байланыс», «Телефон» сөздеріне синквейн құрастырылды.