КЖПТК-ның Мансаптық даму және кәсіптік бағдарлау орталығы студенттермен кездесу ұйымдастырды
2025 жылғы 28 қарашада Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің Мансаптық даму және кәсіптік бағдарлау орталығы «Электржабдықтау», «Автомобиль көлігінің техникалық пайдалану, жөндеу және қызмет көрсету» және «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтарының 3–4 курс студенттері үшін кездесу өткізді.
Кездесуге А. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің және «TENGRI TYRES» ЖШС өкілдері қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты — студенттерді жоғары оқу орнының мүмкіндіктерімен және өндірістік кәсіпорынның жұмыс жағдайларымен таныстыру.
Университет өкілдері студенттерге оқуға қабылдау ережелері, білім беру бағдарламалары, оқу артықшылықтары және болашақтағы кәсіби даму мүмкіндіктері туралы ақпарат берді.
Ал «TENGRI TYRES» компаниясының мамандары бар вакансиялар, жұмыс талаптары, жас мамандарға қойылатын құзыреттер, сондай-ақ кәсіпорынның даму бағыты мен кадрлық саясаты туралы айтып берді.
Бұл форматтағы кездесулер студенттердің болашақ кәсіби жолын саналы таңдауға көмектесіп, колледж, жоғары оқу орындары және жұмыс берушілер арасындағы байланысты нығайтады.
