Кәсіби сынамалар – болашақ мамандықты саналы таңдауға қадам
2026 жылғы 23–27 наурыз аралығында Қарағанды жоғары политехникалық колледжі Қарағанды қаласының мектептерінің 9-сынып оқушыларына арналған кезекті кәсіби сынамалар циклін өткізді.
Іс-шараға қаланың 19 жалпы білім беретін мектебінен 277 оқушы қатысты. Апта барысында қатысушылар колледждің сұранысқа ие мамандықтарымен танысып, оқу зертханалары мен шеберханаларын аралап, практикалық тапсырмаларды орындап көрді.
Кәсіби сынамалар оқушыларға болашақ мамандықтар туралы түсінік беріп қана қоймай, өздерін нақты маман ретінде сезінуге мүмкіндік берді. Оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерімен қарым-қатынас жасау арқылы қатысушылар әр бағыттың ерекшеліктерін тереңірек түсінді.
Мұндай іс-шаралар оқушылардың мамандықты саналы түрде таңдауына ықпал етіп, техникалық және кәсіптік білімге деген қызығушылығын арттырады.
