Телефондар:

  • +7 (7212) 41‒17‒20вахта
  • +7 (7212) 41‒17‒18қабылдау бөлімі

Корпустар мекен-жайы:

  • Бұқар Жырау даңғылы, 91 корпус
  • Костенко, 112 корпус
  • Бұқар Жырау даңғылы, 11a1 корпус
  • Волгодонская, 454 корпус

Жұмыс уақыты:

  • дс-жм 08:00-18: 00түскі үзіліс 13:00-14:00
  • сенбі 08:00-14:00

Әлеуметтік желілер:

«Кітап сыйла – болашаққа жол аш»: Халықаралық кітап сыйлау күніне арналған челлендж

14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күніне орай «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Балалар кітапханасы» бағдарламасын жүзеге асыру аясында кітапхананың ұйымдастыруымен колледжіміздің жалпы білім беру бөлімінің оқытушылары мен студенттері «Кітап сыйла – болашаққа жол аш» челленджіне қатысып кітапхана қорына көркем әдебиеттер сыйға тартты.

Мақсаты – кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру және рухани құндылықтарды насихаттау, білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, оқу мәдениетін қалыптастыру, қоғамдық белсенділікті арттыру.

Аталған күн кітапты ізгілік пен білімнің символы ретінде дәріптей отырып, оқырмандар мен кітапханашыларды ортақ игі іске жұмылдыруға жетелейді. Бұл мерекенің маңызы бір-бірімізге кітап қана сыйлап қоймай, онымен бірге барлық жақсы лебіз тілектерімізді білдіру. Сондай-ақ, оқуға деген сүйіспеншілікті арттырып, жанашырлық пен әлеуметтік жауапкершілік қалыптастыруға мүмкіндік береді.