Телефондар:

  • +7 (7212) 41‒17‒20вахта
  • +7 (7212) 41‒17‒18қабылдау бөлімі

Корпустар мекен-жайы:

  • Бұқар Жырау даңғылы, 91 корпус
  • Костенко, 112 корпус
  • Бұқар Жырау даңғылы, 11a1 корпус
  • Волгодонская, 454 корпус

Жұмыс уақыты:

  • дс-жм 08:00-18: 00түскі үзіліс 13:00-14:00
  • сенбі 08:00-14:00

Әлеуметтік желілер:

«ХХІ ғасыр – білімді ұрпақ ғасыры!» оқу сауаттылығы апталығының ашылуы іс-шарасы өткізілді

22.02.2021ж.  Қарағанды жоғары политехникалық колледжінде кітапхана  қызметкелері және меңгерушісі С.С. Шөменбаевамен тілдер кафедрасының меңгерушісі Ш.Ж. Алипбекованың ұйымдастыруымен «ХХІ ғасыр – білімді ұрпақ ғасыры!» оқу сауаттылығы апталығының ашылуы іс-шарасы өткізілді. 

Шараның мақсаты – өскелең ұрпақты кітап оқуға баулу, Ұлы ақындарымыздың шығармаларын кеңінен насихаттау.

Жақында ғана 175 жылдық мерейтойы Юнеско көлемінде аталып өткен Ұлы Абайдың шығармашылығынан колледж студенттері өлеңдерді мәнерлеп оқыды.

Ақиық ақын М. Мақатаевтың сыршыл өлеңдерін студенттеріміз жатқа сауатты оқып өз өнерлерімен бөлісті. 

Сонымен қатар мерейгер ақындарымыздың шығармашылығынан кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандар назарына ұсынылды.