Германияның Отто фон Герике атындағы Магдебург университетінде оқудың үшінші күні
Магдебургтегі KazDual воркшоп бағдарламасы жалғасуда
Магдебургтегі Отто фон Герике университетіндегі тренингтің үшінші күні жаңа тренер Кристин Брингстің дәрісімен басталды. Тренинг тақырыбы Оқу модульдерін әзірлеудің және олардың Еуропалық біліктілік шеңберіндегі ECTS кредиттерімен байланысының өзекті мәселелерін қамтыды; сонымен қатар білім алушылар, компаниялар және университеттер/колледждер арасында келісім жасаудың қыр-сыры, дуальді оқыту контексінде білім беру бағдарламаларын бағалау тәртібі талқыланды.
Тренингке қатысушылар жоғарыда аталған университеттің информатика факультеті кампусына барды. Профессор Мосаковскиймен оның командасы «Информатика», «Ақпараттық инженерия» бакалавриаты мен кәсіптік білім берудің дуальді бағдарламаларын әзірлеу ерекшеліктерімен таныстырды. IT-коммуникациялар зертханасына барып, онда Kazdual командасы дуальды пәндерді оқыту контекстінде робот техникасы жабдықтарында жүзеге асырылатын операцияларды көрді.
Воркшоп бағдарламасы тәжірибелік бағытқа ие және дуальді оқытуды жүзеге асыруда Германияның тәжірибесін тереңірек меңгеруге мүмкіндік беретіні сөзсіз.