Телефондар:

  • +7 (7212) 41‒17‒20вахта
  • +7 (7212) 41‒17‒18қабылдау бөлімі

Корпустар мекен-жайы:

  • Бұқар Жырау даңғылы, 91 корпус
  • Костенко, 112 корпус
  • Бұқар Жырау даңғылы, 11a1 корпус
  • Волгодонская, 454 корпус

Жұмыс уақыты:

  • дс-жм 08:00-18: 00түскі үзіліс 13:00-14:00
  • сенбі 08:00-14:00

Әлеуметтік желілер:

«Ер есімі – Ел есінде»

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай 6 мамыр күні  Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің кітапхана ұжымы «Ер есімі – Ел есінде» кітап көрмесін ұйымдастырды.

Көрменің мақсаты - Ұлы Жеңістің маңызы туралы мағлұмат беру, Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құрметтеу, жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін оятып, Отан үшін отқа түсіп қыршын қиылған, жат жерде көз жұмған қандас, қарулас азаматтарды еске алу. Отан-сүйгіштікке, ұлтжандылыққа, мейірімділікке баулу.

Іс-шарада Ұлы Отан соғысы жайлы кітаптар таныстырылып мағлұмат берілді, колледж студенттерімен викториналық сұрақ-жауап, әңгіме  өткізілді.

Ұлы Отан соғысындағы майдангерлердің, тылда аянбай еңбек еткен азаматтардың бүгінгі ұрпаққа үлгі етерлік ерлігі тарихта өшпестей із қалдырып, халқымыздың жадында мәңгілік сақталады.