«Экономикалық тиімділікті бағалаудың статикалық әдістері энергия үнемдейтін жобалар (қарапайым көрсеткіштер)»
Ашық сабақ
Топ: 9-1-ЭА-19
Пән: Энергияны пайдаланудың тиімділігі
Тақырыбы: «Экономикалық тиімділікті бағалаудың статикалық әдістері энергия үнемдейтін жобалар (қарапайым көрсеткіштер)»
Өткізетін күні: 23.12.2022ж
Оқытушы: Сейтбатталов Ш.Б.
Сабақтың мақсаты: Экономикалық тиімділікті бағалаудың әдістерінің түрлерін талдау, ең жиі қолданылатын бағалау әдісі статикалық әдістің артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсету. Статикалық әдісті қолдану кезіндегі энергия үнемдейтін жобалар қатарын көрсету, экономикалық тиімділікті бағалаудың қарапайым көрсеткіштерін ескере отырып әдістің ерекшелігін анықтау.
Қысқаша сипаттамасы: Энергия үнемдеу – тұтынушылар үшін сәнге айналған, көп талқыланатын және маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Себебі әрбір тұтынушы өзінің электр энергиясы шығындары деңгейін бағалап, әркім өзіне: «Шығындарды үнемдей отырып, энергия ресурстарын қалай ұтымды пайдалану керек?» деген сұрақ қояды. Мамандардың пікірі бойынша, пәтерді жарықтандыруға үйдің шығындалатын электр энергиясының бестен бір бөлігі кетеді, сондықтан сарапшылар энергия үнемдейтін шамдарды сатып алуға, А және В класстағы энергия тйімділігі бар тұрмыстық техникаларды таңдауға кеңес береді. Отбасы бюджетін үнемдеуді - қыздыру шамдарын ықшамды энергия үнемдейтін шамдарға аутстырып, жарықтандырудан бастау керек.