Телефондар:

  • +7 (7212) 41‒17‒20вахта
  • +7 (7212) 41‒17‒18қабылдау бөлімі

Корпустар мекен-жайы:

  • Бұқар Жырау даңғылы, 91 корпус
  • Костенко, 112 корпус
  • Бұқар Жырау даңғылы, 11a1 корпус
  • Волгодонская, 454 корпус

Жұмыс уақыты:

  • дс-жм 08:00-18: 00түскі үзіліс 13:00-14:00
  • сенбі 08:00-14:00

Әлеуметтік желілер:

Экология тазалығы – халық байлығы

09.04.2019 ж. Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің оқу залында кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен «Эко-челлендж» жобасы аясында «Экология тазалығы – халық байлығы» атты тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты өте жақсы деңгейде өтті. Тәрбие сағатына 9-1-РЭС-18к және 9-ЭА-18к топтарының студенттері қатысты.

Бұл кітапханалық шараныңмақсаты: оқырмандарға табиғаттың адам өміріндегі зор маңыздылығын насихаттай отырып, оны аялауға, сақтап қорғауға өз үлестерін қосуға жұмылдыру. Мейірбандыққа баулу, экологиялық білімдерін молайту. Жер ананы сүйе білу, табиғат байлығын көз қарашығындай қорғайтын азамат болуға тәрбиелеу болып табылады.

Аталмыш тәрбие сағатында студенттер назарына эко-челлендж жобасы туралы мағлұматтар айтылып,слайд, шағын видео көрсетілді. Қоршаған ортаны қорғау бойынша қойылған сұрақтарға топ студенттері қызығушылықпен жауап берді. Сонымен қатар, шара соңында кітапхана қызметкері «Экология тазалығы – халық байлығы» атты кітап көрмесіне шолу жасап шықты.

Студенттердің пікірінше, олар көптеген жаңа және пайдалы нәрселерді білді, атап айтқанда, қоршаған ортаның жай-күйінің адам денсаулығына әсері және қалдықтарды басқарудың маңыздылығына қатысты, қоқысты жеке жинау және оны қайта өңдеу қажеттілігі жайында тереңірекбіле түсті.