Бизнестің жол картасы-2025
2022 жылдың 5 сәуірінде КВПТК Бизнес мектебінде «Есеп және аудит», «Радиоэлектроника және байланыс» мамандықтарының түлектерімен кездесу өтті, онда студенттерді жұмыспен қамтуды, бизнесті құру және дамыту мәселелері бойынша мемлекеттік қолдау шараларымен таныстырды. Кездесуде «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың "Еңбек", "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламалар талқыланды. Студенттер осы тақырыпқа қызығушылық танытты, ұсынылған бағдарламалардың бағыттарын белсенді талқылады, сұрақтар қойды.