Телефондар:

  • +7 (7212) 41‒17‒20вахта
  • +7 (7212) 41‒17‒18қабылдау бөлімі

Корпустар мекен-жайы:

  • Бұқар Жырау даңғылы, 91 корпус
  • Костенко, 112 корпус
  • Бұқар Жырау даңғылы, 11a1 корпус
  • Волгодонская, 454 корпус

Жұмыс уақыты:

  • дс-жм 08:00-18: 00түскі үзіліс 13:00-14:00
  • сенбі 08:00-14:00

Әлеуметтік желілер:

А. Байтұрсын атындағы мектеп-гимназиясының оқушыларымен кездесу

2025 жылдың 22 қаңтарында «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназиясында» КММ-де «XXI ғасыр - сауатты ұрпақ ғасыры!» оқу сауаттылығы апталығы аясында «Өнегелі өмір – өскелең ұрпаққа үлгі» шарасы ұйымдастырылды.

🔰Бұл шараға шақыртылған арнайы қонақтар ретінде Касенов Насихат Ануарович – 4 разрядты электрослесарь, Насихат Ануарович өз еңбек өтілі мен тәжірибесі туралы айтып, жұмысшы мамандықтарының маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті. Сонымен қатар, Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің энергетикалық пәндер кафедрасының оқытушысы Саликов Абылай Мадкенович жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы рөлі мен колледждегі мамандықтар туралы мағлұмат беріп, жас ұрпақты осы салаға қызықтыру мақсатында сөз сөйледі.

🔰Бұл шара жастарға еңбек адамдарының өскелең ұрпақ үшін үлгі болатынын және жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы маңызын түсінуге мүмкіндік берді. Оқушылар өздерінің болашақ мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдай білуі үшін қажетті ақпараттар алды.