Телефондар:

  • +7 (7212) 41‒17‒20вахта
  • +7 (7212) 41‒17‒18қабылдау бөлімі

Корпустар мекен-жайы:

  • Бұқар Жырау даңғылы, 91 корпус
  • Костенко, 112 корпус
  • Бұқар Жырау даңғылы, 11a1 корпус
  • Волгодонская, 454 корпус

Жұмыс уақыты:

  • дс-жм 08:00-18: 00түскі үзіліс 13:00-14:00
  • сенбі 08:00-14:00

Әлеуметтік желілер:

«Автормен диалог» тақырыбында шығармашылық кездесу

16 наурыз – Мәдениет және ұлттық дәстүрлер күніне орай «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы бойынша колледжіміздің оқу залында кітапхана мен тілдер кафедрасының ұйымдастыруымен «Автормен диалог» тақырыбында шығармашылық кездесу өткізілді. Кештің қонағы - ақын, Қазақстан Жазушылар одағының, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, "Мөр" жыр жинағының авторы, облыс әкімінің "Алтын жолақ" сыйлығының иегері Ерік Нарын болды.

Шара сыр сұхбат ретінде өтті. Оған ЖББ – ның 1 курс студенттері қатысып ақынға өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойды. Сондай-ақ автор шығармашылығы мен өмірінде болған қызықты оқиғалармен бөлісті. Сұхбаттың өте қызықты әрі мағыналы болғаны соншалықты қалай тез аяқталғанын сезбей де қалдық. Кездесу соңында жерлес ақынымыз өз қаламынан шыққан жыр жинағын студенттер мен кітапханаға сыйға тартты.