Ашық есік күндері: «Кітапхана – табыс мекені» алғашқы курс студенттеріне
09.09.2025ж. – 21.09.2025 ж. Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің кітапханашылары Ашық есік күні аясында 1 курс студенттері үшін «Кітапхана табыс мекені» таныстыру экскурсиясын өткізді.
Іс-шараның мақсаты – кітапхананың әлеуетті оқырмандарын кеңейту, ұсынатын қызметтермен, жаңа ақпараттық мүмкіндіктермен таныстыру, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру.
Шарада жаңа оқырмандарға кітапхананың бөлімдері аралап көрсетілді, пайдалану ережелері таныстырылып, жалпы кітап қоры туралы ақпарат берілді, сондай-ақ студенттерге оқырман формуларлары ашылып, жалпы білім беру бойынша электронды оқу құралдары берілді.
